Алматы облысының Жамбыл ауданында қарлы боранда жоғалып кеткен екі шопан табылды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бір отар қойды бағып жүрген екі шопан – 1984 жылы және 1982 жылы туған екі ер адам Жартас ауылы айналасында қатты жел, қарлы боран және аязда адасып кеткен.
Республикалық жедел-құтқару жағасының 10 адамнан тұратын жедел құтқару тобы қолайсыз ауа-райына қарамастан жол талғамайтын көлікпен адасқан шопандарды іздестіріп, Жартас ауылы маңындағы иен даладан тапқан. Қатты аязға қарамастан шопандар үсік шалмаған, дін аман.