Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев облыс тұрғындары мен барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесіне орай құттықтады.
“Сіздерді ұлтымыздың ұлық мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау.
Тағдыры ортақ әлем елдерімен халқымыздың татулығын, ішкі және сыртқы тыныштығын сақтау — біздің басты мақсатымыз. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталды. Бізге даму мен жасампаздықтың жаңа мүмкіндіктері туды. Мемлекетіміз халықаралық деңгейде мойындалып, тиімді басқару жүйесі мен қуатты экономика құрылды.
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 32 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай тер төгіп жүрген барша Қазақстандықтарға алғыс айта отырып, Ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтағым келеді.
Еліміздің келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, еліміздің егемендігі баянды болсын!”,- делінген әкім құттықтауында.