Оқиға 17 желтоқсанда сағат 06:15-те Байтұрсынов көшесінде және 08:20-да Сүйінбай көшесінде болған.
Өрт салдарынан 4 адам ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, зардап шеккен екі адам (1991 және 2003 ж.т.) Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді, олардың жағдайы ауыр.
Ер адамның денесін 2-дәрежелі термиялық күйік шалған, ал 2003 жылы туған қыздың басы мен мойны 3-ші дәрежеде күйген.
Зардап шеккендердің тағы бірі Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. 2007 жылы туған бала Іле аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Туыстарының айтуынша екеуі де жансақтау бөлімінде, ауыр халде.
Талғар ауданының әкімі Таңат Айдарбеков төтенше жағдай орнында болып, зардап шеккен отбасылардың жағдайымен танысты.
Гүлдала ауылдық округі әкімінің аппараты мен аудандық төтенше жағдайлар бөліміне тұрғын үйлерді тексеру тапсырылды.
Алдын ала болжам бойынша, жарылысқа табиғи газ құбырындағы қысымның жоғарылауы себеп болуы мүмкін