Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Мәди Ахметов Алматы облысы әкімінің өкімімен Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Мәди Ахметов әр жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Халықаралық бизнес университетінің Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақстан Парламент Мәжілісінің депутаты болған. Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорында штаттан тыс кеңесшісі ретінде қызмет атқарған.
Мәди Ахметов 2019 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қоюды ұсыынып, кейін билік өзгерген соң Назарбаев қалдырған мұралардан арылу саясатын қолдаған.