Мемлекеттік қызметтерді алу үдерістерін барынша жеңілдету «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың ең тиімді жолы болып табылады. Осылайша, алдағы 7 жылда процестерді жеңілдету бойынша келесі міндеттер қойылды: адами факторды толығымен жою және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге кететін уақытты қысқарту, барлық мемлекеттік қызметтердің кемінде 90%-ын электрондық форматта көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 50%-ын проактивті форматқа көшіру.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтерді алу процесін жеңілдету үшін халық арасында кең танымалдыққа ие болған бірқатар цифрлық шешімдер енгізілді. Мысалы, әртүрлі мобильді қосымшаларда цифрлық құжаттардың қолжетімді болуы, мобильді қызметтер арқылы белгілі бір мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік. Бұл сыбайлас жемқорлық факторларының бірі болып табылатын бюрократияны жоюдың тиімді құралы екендігін көрсетті.
Мемлекеттік қызметтерді алуда сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алудың маңызды тағы бір жолы халықтың өтініштеріне жедел жауап беру. Дегенмен, нәтижеге келесі екі жағдайда қол жеткізуге болады:
– сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік тұрғысынан белсенді азаматтық ұстанымның болуы;
– мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың барлық фактілері туралы Мемлекеттік корпорацияның Комплаенс-бақылау қызметіне уақтылы хабарлау.
Еске сала кетейік, егер сыбайлас жемқорлық, алаяқтық немесе мемлекеттік қызметті алу процесінде этика нормаларын бұзу фактілері туралы ақпарат болса, дереу 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарласуға болады.
Мөлдір Айдосқызы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR-менеджері