-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    Алматы облысының 12 оқушысы халықаралық жарыстарда топ жарды

    25.12.2023
    in Білім-ғылым
    Алматы облысының 12 оқушысы халықаралық жарыстарда топ жарды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    2023 жылы Алматы облысының білім саласы үшін жемісті кезең болды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің жазуынша, өтіп бара жатқан жылда 12 бірдей оқушы халықаралық білім бәсекесінде оза шапса, 118 бала республикалық деңгейдегі сайыстарда жүлдегерлер қатарынан көрінді.

    Облыстың атын асқақтатқан оқушылардың бір парасы Іле ауданынан шыққан. Атап айтар болсақ, Іңкәр Самат пен Рауан Аутай VEX әлемдік роботты техника чемпионатына қатысып, Техас штатында өткен Бүкіләлемдік білімділер додасында қатысып І орынға ие болды. Ал Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалар ХІІІ халықаралық конкурсына қатысқан Нұрсұлтан Согиндиков үшінші орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар, «Математика және жобалау” халықаралық конкурсында Іле ауданы №47 орта мектебінің оқушылары Жасамир Какишев пен Станислав Лиханов ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

    Сондай-ақ, облыс мектептерінен International Math Challenge (IMC) олимпиадасы, Халықаралық STEM олимпиадасы, “IITU ROBOCON-2022” FIRST Global Challenge робототехникадан халықаралық «FIRST Global Winning Allance Award», Халықаралық роботты техника жарыстарына 7 оқушы қатысып, 6-уы жеңіс тұғырынан көрінді.

    Бұдан бөлек, «FIRST Global Challenge» роботты техникадан өткен халықаралық жарыста Ұйғыр ауданының оқушылары 3-орынға табан тіреді. Ал, озаттарды баптаған ұстаздары арнайы номинация иегерлері атанды. Мәселен, «Judges awards» номинациясын Ұйғыр ауданының мұғалімдері Ұлболсын Бақбергенқызы, Диас Қадір және «Best mentor award» номинациясын Бахытжан Исаев пен Азим Таиров иеленді.

    Халықаралық білім сайысында жеңімпаз атанғандар да жетерлік. Бұл қатарда әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің оқушылары Аңсар Орынбасар мен Ерасыл Меденовтің де барын атап өткен абзал. Қос жүйрік «Infomatrix ASIA– 2023» халықаралық жарысында 1-орыннан көрініп, Алматы энергетика және байланыс университетінің грант иегері атанды.
    Білім бәсекесінде асығы алшысынан түскендер сапында Есік «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің үздіктері де бар. Тарқатып айтсақ, Еуразиялық ІТ жобалары бойынша халықаралық олимпиадасында Алимхан Курманов, «Туймаада» халықаралық олимпиадасында Нұралы Серікбай 3-орынға табан тіреді.

    Облыс орталығы Қонаев қаласының оқушылары да жарады. “Buketov” физика пәнінен халықаралық олимпиада Қонаев қаласы орта мектеп-гимназияның оқушылары Аяжан Сарсенова мен Нұртөре Мырзаханов І және ІІІ дәрежелі дипломдарды облыс қоржынына салды.

    Осылайша, озат оқушылардың білім биігінен көрінуінің арқасында Алматы облысы Ғылыми жобалар конкурсы бойынша командалық есепте Республика бойынша 1-орынға шықты.

    Ұсынымдар

    Газет – халықтың үні

    Ардагерлерге газет қажет пе?

    4 months ago
    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    2 years ago
    Қаламгерге құрмет

    Қаламгерге құрмет

    11 months ago
    Мәжіліс депутаттығына бір мандатты округтерден сайланғандар тізімі жарияланды

    Мәжіліс депутаттығына бір мандатты округтерден сайланғандар тізімі жарияланды

    2 years ago
    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>