-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мереке

    Қонаев әкімі желтоқсаншылармен кездесті

    15.12.2023
    in Мереке
    Қонаев әкімі желтоқсаншылармен кездесті
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Бүгін Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев Тәуелсіздік күніне орай, желтоқсаншылармен кездесті, деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Кездесу барысында шаһар басшысы еліміздің бүгінгі жетістігі еңселі егемендіктің арқасы екенін айтты.

    «Жақында Түркияға іссапарамен барып келдім. Шетелдегі әріптестер бізді «Атажұрттан келдіңдер» деп, аса құрметпен қарсы алды. Алдағы уақытта келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Сонау 1986 жылдан бері 37 жыл өтсе де, 16 желтоқсан ел есінде әлі жаңғырып тұр. Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды», – деді Нұрлан Құматаев.

    Сонымен қатар ол Қонаев қаласы – Алматы облысының орталығы аталғаннан бері болған өзгерістер, алдағы жоспарлар жайлы сөз етті.

    «Биыл қаланың Бас жоспары бекітілді. Жалпы қалада 189 іс-шара өтеді деп жоспарланған. Оның ішінде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салу, инженерлік желілерді тарту, жаңа жолдар салу секілді шаралар бар. Шаһарда 6 мектеп, 3 денсаулық сақтау нысаны, спорт-сауықтыру кешені, спорт кешені, мұз айдыны, медиа орталық, сауда және ойын-сауық кешендері және тағы басқа ғимараттар бой көтермек. Қаланың дамуы да, елдегі тұрақтылық та, барлығы – бостандықтың арқасы», – деді қала әкімі.

    Жиынға қатысушылар болса, желтоқсаншыларға арнап монумент тұрғызылуы керек екенін айтып, ұсыныс тастады.

    «Біздің қалада облысымыздың символы – барыс мүсіні қойылған. Одан бөлек, бірнеше тұлғаларымыздың муралдары, ескерткіштері бар. Биыл Жеңіс паркі күрделі жөндеуден өтті. Тарихтан сыр шертетін мұралардың болғаны, әрине, дұрыс. Сіздердің ұсыныстарыңыз жайында көптен бері ойланып, жер қарастырып жүрміз. Келешектің еншісіндегі жоспарда қарастырылған», – деді шаһар басшысы.

    Басқосу соңында желтоқсаншылар кездесу ұйымдастырғаны үшін қала әкіміне алғысын жеткізді. Ал Нұрлан Құматаев оларға арнайы сый-сияпат, гүл шоқтарын табыс етті.

    Ұсынымдар

    Асыл жыры алмастай жарқылдаған

    Асыл жыры алмастай жарқылдаған

    3 months ago
    “Таза Қазақстан” Road эстафетасы басталды

    “Таза Қазақстан” Road эстафетасы басталды

    12 months ago
    Туризмге құйылатын инвестиция көлемі артады

    Туризмге құйылатын инвестиция көлемі артады

    1 year ago
    Қарты бар үй – қазыналы

    Қарты бар үй – қазыналы

    8 months ago
    Алматы облысында «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті

    Алматы облысында «AMANAT» партиясы депутаттарының форумы өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.