-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Денсаулық

    Қонаевта 866 бала қызылшаға қарсы екпе алды

    05.12.2023
    in Денсаулық
    Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Фото: aikyn.kz

    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Бұл туралы Қонаев қалалық ауруханасының эпидемиолог-дәрігері Ерлан Саржанов айтты.
    Дәрігердің сөзінше, кез келген аурудың алдын алу үшін екпе алу керек.

    Қазіргі таңда Қонаевта балаларды қосымша иммундау жүріп жатыр. Олардың арасында 6 айдан 11 айға дейінгі, 2-5 жас аралығындағы балалар да бар. Бұдан бөлек, қызылшаға жоспарлы егу (1-6 жас аралығы) жүргізілуде. Қосымша иммундау бойынша осы уақытқа дейін 866 бала екпе алған.

    «Өткен аптаның жексенбісінде 1500 дана екпе әкелінді. Сондай-ақ медицина қызметкерлері де қызылшаға қарсы вакцина алып жатыр. Қаладағы эпидемиялық жағдай тұрақталғанша қосымша иммундау процесін тоқтатпаймыз. Шаһарға қарасты Шеңгелді және Заречный ауылдық округтеріндегі тұрғындар да вакцина ала алады. Ол үшін медициналық қызметкерлерге жүгінулері тиіс», – деді эпидемиолог.

    Ал жұқпалы аурулар бөлімінің жалпы тәжірибе дәрігері Нұрғазы Шамұратовтың айтуынша, аталған бөлімге дене қызуына, жөтел мен әлсіздікке шағымданып күніне 20-25 науқас келеді.

    «Қызылша жұқтырғандардың көбі 1 жасқа дейінгі балалар. Ауруы асқынғандарды бірден стационарлық емдеуге жатқызып жатырмыз. Ал кейбір науқастар үйлерінде емделіп жатыр. Олардың жағдайын бақылауда ұстап отырмыз. Бұған дейін ауруханадан емделіп шыққандардың саны – 100-ден астам», – деді дәрігер.
    Сонымен қатар ол қызылшаның алғашқы 3-5 күні жоғары респираторлы вирусты инфекция түрінде жүретінін айтты. Осы кезеңнен кейін денеде бөртпелер пайда болады.

    Айта кетейік, елімізде 6 қарашада қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау басталды. 23 қараша күні Қазақстанға қосымша жаппай иммундау жүргізу үшін 500 мың доза мөлшерінде қызылша, қызамық және паротитке қарсы вакцина (ҚҚП) партиясы келді. Бірінші кезекте 6 айдан 11 айға дейінгі балалар иммундалады. Желтоқсаннан бастап егу мәртебесіне қарамастан 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды, медицина қызметкерлерін (55 жасқа дейін), сондай-ақ профилактикалық егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі адамдарды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жоспарланған.

    Қызылша – ауа тамшылары арқылы жұғатын вирустық инфекциялардың бірі. Қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қызылшаға тез шалдығатын болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

    Ұсынымдар

    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады

    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады

    2 years ago
    Қонаевта ерекше балаларды мерекемен құттықтады

    Қонаевта ерекше балаларды мерекемен құттықтады

    2 years ago
    Қимылдаған қыр асады

    Қимылдаған қыр асады

    6 months ago
    Халықтың ынтасы айрықша

    Арна ауылындағы сайлау учаскесінде заң бұзушылық тіркелген жоқ

    2 years ago
    Қаржы қатаң бақылауда

    Қаржы қатаң бақылауда

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.