Алматы облысы әкімінің өкімімен Көшеке Ерғали Ахилбекұлы 4 қаңтардан бастап Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерғали Ахилбекұлы 1992 жылы туған, білімі жоғары. 2013 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша бітірген, 2015 жылы осы университетте «Әлеуметтану» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2014 жылы Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының Алмалы ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының келісім бөлімінің басшысы лауазымдарында жұмыс істеді.
2022 жылғы шілде айынан бүгінге дейін Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.