Мемлекет басшысының келісімімен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Болат Жармақов Алматы облысы бойынша аумақтық департамент басшысы болып тағайындалды.
Болат Серікбайұлы 1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Қаржы полициясы академиясын тәмамдаған. Білімі – жоғары. 2003-2007 жылдары Қаржы полициясы академиясының тыңдаушысы болды. 2007-2014
жылдары Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы), 2014-2021 жылдары Астана қаласы, Ақмола, Павлодар, Түркістан облыстары бойынша сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет департаменттерінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2021-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің анықтау және жолын кесу қызметі басшысының орынбасары болды. 2022-2023 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің анықтау және жолын кесу қызметіне жетекшілік етті.
2023 жылдың 15 желтоқсанынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының уақытша міндетін атқарушы болды.