-13 °c
Qonaev
Friday, July 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Мыңдаған жұмыс орны ашылады

    30.01.2024
    in Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Экономика
    Мыңдаған жұмыс орны ашылады
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    Алматы облысындағы іргелі аудандардың бірі – Жамбыл. Бұл мекенде мал шаруашылығы дамыған. Өңірде ірі қара малы 130 мың басқа, қой мен ешкі – 1 млн. 24 мың басқа, жылқы – 46 мың басқа жетіп, аудандар арасында бірінші орында шыққан. Ал түйе саны 1 749 басқа, құс 654 мың басқа жеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас мәлімдеді.

    Ауданда 25,6 мың тонна мал мен құс еті, 60,8 мың тона сүт, 118,4 млн. дана құс жұмыртқасы өндіріліп, халықтың әлеуметтік жағдайының нығаюына сүбелі үлесін қосты. Ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігін оңалтуға бағдарланған жұмыс тоқтаған емес. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 62 шаруаға 532 млн. теңгеге несие берілген, оның 81%-ы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі.
    Аудан әкімі Нұрлан Ертастың айтуынша, тіпті аймақтағы инвестициялық жобалардың басым бөлігі дәл осы шаруашылыққа негізделген.
    «Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін 7 инвестициялық жоба іске асады. Жалпы құны – 237 млрд. 600 млн. теңге. Межелі міндеттер орындалса, 7380 жаңа жұмыс орны ашылады», – дейді Нұрлан Ертас.

    Алдағы 3 жылда тұсауы кесілетін жобаның қатарында «Алматы құс фабрикасы Жетісу» ЖШС бар. Одан кейін, «BELES AGRO KZ» бройлер құс фабрикасы өңірдегі өндіріс ошақтарының қатарына қосылмақ. Сондай-ақ, органоминералды тыңайтқыштар мен жемшөп қоспаларын өңдейтін «ALFA ORGANICS» зауыты жұмысын бастамақ.

    Жамбыл жерінде тек ауқымды істерге ғана емес, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға да басымдық берілген.
    «Ұлттық жоба аясында 9024 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бағдарламаның І бағыты, қысқа мерзімдік кәсіптік оқу бойынша 2023 жылы 46 млн. теңгеге 136 азамат оқуға жіберілді. Екінші кезеңде, 400 АЕК көлемінде, 31 азаматқа 42 млн. 780 мың теңге грант тағайындалды», – деді Нұрлан Ертас.

    Баспасөз мәслихаты кезінде аудан басшысы инфрақұрылым жайына тоқталып, газ тарту, ауызсу жүйесіне қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.
    Айтуынша, Қарасай, Үмбетәлі, Бұлақ ауылдарының ауыз су жүйелерін жаңғырту мен құрылысына жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 31,3 млн.теңге бөлінген. Ал көгілдір отынға 31 елді мекен қосылған. Күні кеше Тарғап, Самсы ауылдарына табиғи газ беріліп, 612 отбасы көгілдір отынға қол жеткізген.

    Аудандық маңызы бар ауылішілік жолдардың ұзындығы 993 шақырым болса, оның 597 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда. деген спикер «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2 елдімекеннің жолдарына 441 млн. теңге (Қазыбек бек, Еңбекшіарал), тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауға барлығы 363 млн. теңге бағытталғанын айтты.

    Жамбыл ауданында ілгері басқан іс – тұрғынүй құрылысы. «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында Ұзынағаш ауылында жалпы құны 7,6 млрд. теңгені құрайтын 5 көп қабатты 10 тұрғын үй салынып жатыр. Баспананы кез келген тұрғын несиеге ала алады.

    Баспасөз мәслихатында Нұрлан Ертас ауданда өндірілетін өнімдерді таныстырды. Ол өз сөзінде Жамбыл жерінде гранит тас шығарылатынын, зауытта шығатын заттар алыс-жақын шетелдерге жөнелтілетінін айтты. Баспасөз мәжілісі құрылысқа қажетті жабдықтар мен бояулар қойылған көрмені тамашалаумен қорытындыланды.

    Ұсынымдар

    ЖАЛАУЛЫ ЖАСТЫҒЫМНЫҢ ЖЕЛТОҚСАНЫ

    ЖАЛАУЛЫ ЖАСТЫҒЫМНЫҢ ЖЕЛТОҚСАНЫ

    5 months ago
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурс өткізіледі

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конкурс өткізіледі

    9 months ago
    Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат

    Бабалар ерлігі – ұрпаққа аманат

    4 months ago
    Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!

    Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!

    2 weeks ago
    Қонаев әкімі: Халық үнін билікке жеткізетін жандарды таңдауда қателеспейік

    Қонаев әкімі: Халық үнін билікке жеткізетін жандарды таңдауда қателеспейік

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.