Гемоглобиннің қалыпты жағдайдағы көрсеткіші ер кісілерде – 130-160 г/л, әйел адамдарда – 120-140 г/л. ал жүктілік кезінде – 110г/л. Гемоглобин мөлшерінің қалыптан тыс төмендеуін анемия деп атайды.
Эритроциттердің қалыпты мөл шері ер адамдарда – 4,0-5,5*10^12/ л. Әйелдерде – 3,7-4,7*10^12/л. Эритроциттер мөлшерінің көбеюін ал төмендеуін эритроцитопения дейді. Гематокриттің қалыпты мөлшері ер кісіде – 41-53%, әйел адамда – 36-46%.
Түстік көрсеткіштің қалыпты жағдайы 0,86-1,1 аралығын құрай ды. Егер науқаста анемия болып, түстік көрсеткіштер жоғарыласа, гиперхромдық анемия деп атала ды. Ал төмен болса – гипохромдық анемия.
Ретикулоциттердің қалыпты мөлшері – 0,2-1,2%.
Лейкоциттердің қалыпты жағдайы – 4-9*10^9/л. Егер оның мөл шері жоғары болса, лейкоцитоз, ал керісінше төмендесе лейкопения деп аталады.
Нейтрофилдер екіге бөлінеді: таяқшаядролы және сегмен тядролы. Таяқшаядролы нейт рофилдер қалыпты жағдайда 2-4% құрайды. Сегментядролы нейтрофилдер қалыпты жағдайда 47-67% болады.
Моноциттердің қалыпты мөлшері – 0,08-0,53* 10^9/л. Моноцит тердің мөлшері жоғарыласа моноцитоз, төмен болса моноцитопения деп аталады. Эозинофилдердің қалыпты жағдайдағы мөлшері – 0,02- 0,44*10^9/л. Лейкоциттердің 0,5- 5% құрайды.
Эозинофилдер мөл шерінің көбеюі эозинофилия, ал азаюуын эозинопения дейміз.
Базофилдердің қалыпты жағдайдағы мөлшері – 0-0,088*10^9/л. Лейкоциттердің 0,0-0,1% құрайды. Базофилия деп базофилдер мөлшерінің жоғарылауын айтамыз.
Лимфоциттердің қалыпты жағ дайдағы мөлшері – 1,0-3,0*10^9/л.
Лейкоциттердің 25-35% құрайды. Лимфоциттер мөлшерінің жоғары лауы лимфоцитоз, төмендеуі – лимфопения.
Тромбоциттердің мөлшері – 180-320*10^9/л. Тромбоциттердің көбеюі троибоцитоз деп аталады. Ал оның мөлшерінің азаюын тром боцитопения дейміз.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы бойынша қалыпты көрсеткіш ер кісілерде – 1-11мм/сағ, әйелдерде – 2-15 мм/сағ.
Мукашева М.Қ., Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігер лаборанты