Дәрігер-хирург Асқар Тұрарбеков пен Абылай Сакенов Абылай өттас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститтен емдеу мекемесіне жоспарлы түрде түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Қонаев қалалық ауруханасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ота жаңа құрылғы – Mindray 4k бейне эндоскопиялық жүйесі арқылы орындалды.
Асқар Маратұлының жаңа медициналық құрылғыға жоғары баға берді. Оның айтуынша, инновациялық жабдық жұмыс науқастың дерт шалған органын, оның тіндері, тамырлары мен және жүйке талшықтарына дейін шынайы көрсетіп, отаны асқан дәлдікпен жасауға әсер еткен.
Медициналық мекеменің директоры Айман Ракишеваның сөзінше, аппаратты сынақтан өткізу – дұрыс таңдау жасалғанының нақты дәлелі болды. Сондай-ақ ол эндоскопияны ешқандай ауырсынусыз әрі қауіпсіз түрде жасауға мүмкіндік ашылғанын атап өтті.
Ал хирург Абылай Сәкенов құрылғының негізгі функциялары сенсорлық экран арқылы жүретінін айтты. Монитор болса, науқастың дерт шалдыққан жерін дәл табуға көмектескен.
Қонаев қаласының дәрігерлері үшін бұл жабдық – лапароскопияға арналған таптырмас құрылғы.
Mindray HD-3-ті жалпы хирургия ғана емес, сонымен қатар кеуде хирургиясы, урология, гинекология, ортопедия және басқа да салаларда да қолдануға болады.
Жаңа құрылғыда ота жасалған науқас өзін жақсы сезініп, оташы дәрігерлерге алғысын білдірді.