⛅
24°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақпарат агенттігі мен желілік басылымның мәртебесі өзгермек

    31.01.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Ақпарат агенттігі мен желілік басылымның мәртебесі өзгермек
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

    Парламент депутаттары заңға “желілік басылым” мен “ақпарат агенттігі” ұғымдарына “интернет басылым” деп ортақ бір атау беруді көздейтін түзетулер енгізуді ұсынып, ол Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан қолдау тапты деп хабарлайды ҚазТАГ.

    Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ақпарат агенттіктері мен желілік басылымдарды интернет басылым деп атау олардың қызметіне кедергі келтірмейді және ақпарат саласының дамуын тежемейді, тек жұмыс істеп тұрған БАҚ-ты заңды тұрғыдан жүйелеуге бағытталған.

    Уәкілетті органның мәліметінше, қазіргі уақытта интернет БАҚ пен басқа барлық интернет ресурстарының ара жігін ажырату қиын.

    “Бұдан өзге, қазір тек ақпарат агенттіктері ғана тіркелуге міндеттелген. Ал желілік басылымдар тіркеуге тұру процедураларынан өткен интернет ресурс деп аталатынына қарамастан, ерікті түрде тіркеуге тұруға хақы бар. Желілік басылымдар мен ақпарат агенттіктеріне “интернет басылым” деген ортақ мәртебе беру ұсынылып отыр. Бұл БАҚ-тың бір түрі болады”, – делінген министрлік ақпаратында.

    Ақпарат агенттіктері мен желілік басылымдар тіркеуге алынғанда интернет басылым деген заңды мәртебе ғана беріледі.

    Министрлік дерегінше, барлық ақпарат агенттіктері мен желілік басылымдар еш өзгеріссіз қалыпты режимде жұмыс істей береді. Осылайша, талқылаудағы “Масс-медиа туралы” заң жобасы бойынша БАҚ түрлеріне телеарна, радио, мерзімді баспасөз бен интернет басылымдар жатады.

    Қазіргі қолданыстағы заң бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары деп уәкілетті органдар тіркелген мерзімді баспасөз, телеарна, радио арна, ақпарат агенттігі мен желілік басылым танылады.

    Соңғы жаңалықтар

    Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
    04.04.2026
    Жоғары оқу орындары мен ғылым жүйесінде жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру
    04.04.2026
    Экожүйені реттейді
    04.04.2026
    Қара шаңырақ
    04.04.2026
    Отбасы және дін
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>