-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Идеология

    Есімі жаңа, тарихы көне

    04.01.2024
    in Идеология, Мәдениет, Тарих
    Оқырманға арнау сөз
    0
    SHARES
    81
    VIEWS

    Алматы облыстық «Алатау арайы» газеті өзінің жаңа атауымен алғашқы бір жылын артта қалдырды. Жаңа атаумен деуіміздің себебі бар. Өйткені атауы өзгергенімен, Алматы облысының баспасөз органы ретінде бұл газеттің тарихы тым тереңде жатыр. Өзінің соңғы ғасырлар белесінде қалыптастырған «Жетісу» есімін жаңа құрылған (дұрысы, қалпына келтірілген) облыс атауына байланысты сол Жетісу облысының басылымына еншілеп берді де, жаңа «Алатау арайы» деген аталыммен шыға бастады. Ат ауыса береді, ал басылым тарихын өзгерте алмайтынымыз белгілі.

    Енді тарихқа сәл көз жүгіртейік. Облыс басылымы Алматы облысының газеті ретінде 1918 жылы 21 маусымда «Жетісу ісші халық мұхбірі» деген атпен тұңғыш ел арасында таралды. Газеттің бірінші санында «Жер-су комитетін құру туралы міндеттер» деген мақала және облыстық атқару комитетінің жаңадан шығарылған қаулылары басылған. Мақалада «жер – халықтікі» деген ортақ түйін жасалады. Тарих спиралі айналып келіп, бүгін де осы мәселені алдымыздан шығарды емес пе?!

    Газет 1918 жылдың 12 желтоқсанынан «Көмек» деп аталады. Ал 1920 жылдың 4 қаңтарынан бастап «Ұшқын» деген есім иеленді. Аласапыран дәуірде жыл толмай басылым аты «Бұқара» деген атпен тағы өзгерді. 1921 жылдың көктемінде «Кедей еркі» деп есімі қайта аталды. Осы атпен 1922 жылдың 18 тамызына дейін жарық көрген газет бұдан былайғы уақытта «Тілші» деген атпен таралды.

    «Жиырмасыншы жылдар… Ел өмірінде ұлан-асыр істер, Кеңес өкіметі үшін табанды күрестер болғаны мәлім. Қоғамдық дамудың мұндай сипаты Жетісу өлкесіне де тән еді. Ол кезде Жетісу облысына осы күнгі Алматы, Талдықорған, Бішкек, Қарақол және Нарын өңірлері түгел кірген. Осы айтылған облыста большевиктік сөзді насихаттайтын бірден-бір газет «Тілші» болды», – дейді сол кездегі газет редакторы Сара Есова 1968 жылғы «Жетісу» газетіне берген «Бел-белесте» атты сұхбатында.

    Алматы облысының «Тілші» газеті – араб әрпімен шыққан соңғы басылым болды. 1935 жылдан бастап облыс жаршысы «Сталин жолы» деген атпен шықты. Латын алфавитімен басылған газет беттерінде бірқанша қаламгерлермен бірге даңқты жерлесіміз Ораз Жандосов та өз қолтаңбасын қалдырды.

    1953 жылдың соңын ала елдегі жылымық аталған саяси өзгерістер нәтижесінде газет атауы «Коммунизм таңы» болып өзгерді. Бұл жолы газет кәдімгі кирилл таңбасында тарады. Бұл атау 10 жылға созылды да, 1963 жылдың сәуірінен басылым «Жетісу» деген атқа көшті.
    Саусақ бүгіп санап отырсақ, Алматы облыстық басылымының есімі осыған дейін 9 рет ауысқан екен. Енді, міне, жарты ғасырлық есімін жаңа құрылған Жетісу (бұрынғы Талдықорған) облысының басылымына енші етіп беріп, оныншы мәрте жаңа «Алатау арайы» деген атпен оқырмандарын қуанту үстінде.

    Иә, газетіміздің ежелгі оқырманы, ежеттес досы, ақын Батық Мәжитұлы айтпақшы, ат ауыса береді, ал тарих өзгермек емес. Аты жаңа, тарихы көне Алматы облысының қоғамдық-саяси газеті «Алатау арайы» барша оқырмандарымен 2024 жылы жаңа лепте, жақсы көңіл-күймен қауышып отыр. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, ағайын!

    Кәдірбек Құныпияұлы,
    “Алатау арайы” газетінің бас редакторы

    Ұсынымдар

    Бестемшеден бақ сынады

    Бестемшеден бақ сынады

    2 months ago
    Жолдардың қысқы күтіміне 127 техника дайындалды

    Жолдардың қысқы күтіміне 127 техника дайындалды

    7 months ago
    Дамудың кілті – ғылымда

    Дамудың кілті – ғылымда

    1 year ago
    Кешенді медициналық тексеру қолжетімді бола түсті

    Кешенді медициналық тексеру қолжетімді бола түсті

    1 year ago
    Футбол мерекесі

    Футбол мерекесі

    4 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>