-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Самсыға көгілдір отын келді

    25.01.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Экология, Энергетика
    Самсыға көгілдір отын келді
    0
    SHARES
    23
    VIEWS

    Жамбыл ауданындағы Самсы мен Тарғап ауылдарына табиғи газ желісі тартылды. Осыған орай округ орталығы – Самсы ауылында көгілдір отынды тұтату рәсімі өтті. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Нұрлан Ертас тұрғындарды құттықтап, игілікті істі атқарған мамандарға алғыс білдірді.

    – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауында басты мақсат – халықтың, оның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру екені айтылады және осыған орай әр деңгейдегі әкімдерге ең бірінші кезекте тиісті тапсырмалар беріледі. Мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар жоспары халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуды көздейді. Соның нақты нәтижесінің біріне бүгін куә болып отырмыз, – деген Нұрлан Ертасұлы ауданда газдандыру бағытында қолға алынып жатқан жұмыстарға тоқталды.

    Оның айтуынша, 61 елдімекеннің 52-сіне газ құбыры тартылады. Соның 28-і, яғни 46 пайызы көгілдір отынға қосылған. Өткен жылдың өзінде бұл жұмыстарға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Қалған ауылдарды газдандыруға биыл тағы 1,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Мақсат – 2025 жылы газға қосылған елдімекендер үлесін 65 пайыздан асыру. Демек, алдағы уақытта шалғайдағы басқа ауылдардың тұрғындары да самсылықтар сияқты қуанышқа кенеледі деген сөз. Атап айтсақ, Ақтерек, Арқарлы, Беріктас, Дегерес, сонау Шилібастау, Таңбалытас, Мәтібұлақ ауылдары бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.

    Алыстағы ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасуға арнайы келген облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Асхат Бердіханов құттықтау сөзінде осындай игілікке ендігі кезекте Үлгілі ауылының тұрғындары қол жеткізетінін айтты.

    Шарада Алматы облысы мен Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Әскербек Абаев, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұхтар Шынтеміров лебіздерін білдіріп, Сәміржан Екейбеков қария батасын берді. Көгілдір отынды салтанатты жағдайда тұтату рәсімі жасалып, әжелер шашу шашты.

    Айрықша атап өтерлігі, ауылдарға газ құбыры мемлекеттік бюджет есебінен тартылатындықтан, қарапайым халыққа қолжетімді деуге болады. Мәселен, аудан орталығы Ұзынағашта үйге газ кіргізу құны 350-380 мың теңгеден басталса, Самсы мен Тарғапта ол 200-220 мың теңге шамасында болмақ. Айта кетсек, Жамбыл ауданында 31 575 жеке тұрғын үй болса, соның 23 795-і табиғи газға қосылған.

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Самсы ауылын газдандыруға бюджеттен 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Жұмыстың сапалы жүргізілуін тұрғындардың өздері және ауылдық әкімдік қадағалапты. Самсы ауылдық округіне қарайтын Самсы және Тарғап ауылдарындағы халық саны 3,5 мыңдай адам болса, бүгінде 95 тұрғын үй газға қосылып үлгерді.
    – Үйімізге газ келгелі 3-4 күн ғана болды. Бұған дейін көмір жағатынбыз, оның бағасы жылдан-жылға қымбаттап барады. Енді, міне, отын тасып, күл шығарудан құтылдық. Үйіміз жып-жылы, тап-таза, – дейді ауыл тұрғыны Динара Нұрғалымова.

    Бүгінде ауылдарға газ желісін тарту жобасын «АлматыОблгаз инжиниринг» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны жүзеге асыруда. Аталған мекеме басшылығы газ шаруашылығында барлық қажетті техникалық және кәсіби ресурс бар екенін айтады. Салтанатты шараға жиналғандардың назарына апаттық-диспетчерлік қызметтің материалдық-техникалық жабдықталуын білдіретін заманауи құрылғылар көрмесі ұсынылды.

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    Талғарда неге музей жоқ?

    5 months ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Инвестиция тартуда алдыңғы қатарда

    1 year ago
    Мал басы артты. Сапасы ше?

    Мал басы артты. Сапасы ше?

    1 year ago
    Заңғар тұлғаны еске алды

    Заңғар тұлғаны еске алды

    5 months ago
    Мәжіліс спикері: Депутаттар сайлаушылармен тығыз жұмыс істей бастады

    Мәжіліс спикері: Депутаттар сайлаушылармен тығыз жұмыс істей бастады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>