-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Ұрпақ алдында ұяттымыз

    21.01.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Ұрпақ алдында ұяттымыз
    0
    SHARES
    28
    VIEWS

    Ұрпақты білім нәрімен сусындатып, ұлтымыздың ұйытқысы, жаңалықтың жаршысы болар кейбір ұстаздар қауымының адасуы Жаңа Қазақстан құрамыз деп жүрген қоғамға таудай кедергі тудыратыны айтпаса да түсінікті. Өзі қызмет ететін, өзі тұрып жатқан облысында атқарылып жатқан игілікті істер мен ауқымды шараларды оқушыларға, айналасындағы жұртшылыққа жеткізетін ұлттың айнасы ұстаздар емес пе еді?! Мұғалімдер облыстық басылымға жазылудан бас тартса, ғаламтордағы ала-құла ақпаратқа еріп кетсе, болашағымыз не болғаны? Мұғалім адасса, қарапайым халық қайда бармақ?

    Бұл – менің облыстық «Алатау арайы» газетінде жарық көрген «Талғар ауданы «рекорд» жасады» деген мақаланы оқығаннан кейін түйген ойым. Сол ұстаздарға шәкірттері Қонаев пен жаңадан құрылып жатқан Алатау қаласының болашағы жөнінде сұрақ берсе, не жауап берер еді? Ғаламторын ақтарып, ресми мәлімет таппай, қиналып отыра ма? Менің білетінім, әрбір ұстаз өзі ғана баспасөзге жазылып қоймай, әріптестерінің, оқушыларының, ауыл тұрғындарының күнделікті сауат ашып, басылымнан қол үзбеуіне ықпал етуі керек қой. «Талғар ауданы бойынша облыстық «Алатау арайы» газетіне 50 адам ғана жазылған» делініпті мақалада. Сұмдық қой! Ұрпақ алдында ұятты тірлік!

    Мысалы, мен сол 50-дің бірі болғанымды мақтан тұтамын. Сонау 70-жылдардан бері «Жетісу» газетін үзбей жаздырып келіп, Алматы облысы екіге бөлініп, жаңадан «Алатау арайы» басылымы шыққалы оның да тұрақты оқырманы болып жүрмін. Бұл жерде баспасөзге жазылуға қолдау көрсетуде тек қана мұғалімдердің емес, жергілікті әкімдердің де кінәсі бар деп білемін.

    Бір ғана Талғар ауданында 12 ауылдық округ бар. Оның әрқайсында кемінде 10-нан мемлекеттік қызметкер еңбек етеді. Егер осы аталған мамандардың өзі облыстық газетке жазылса, Талғар ауданы бойынша 50 емес, 120 болар еді-ау!

    Айналайын, халқым, ел тізгінін ұстаған азаматтар мен ұлтымыздың ұйытқысы – ұстаздар! Жаңалықтын жаршысы, облыстың айнасы, төл басылымымыз – «Алатау арайына» жазылуды ұмытпаңыздар! Рухани байлық ақшада емес екенін жадымыздан шығармайық!

    Етекбай Шәкібаев, зейнеткер,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    АЛАУ ЖЫР

    АЛАУ ЖЫР

    2 months ago
    Оқырманға арнау сөз

    Есімі жаңа, тарихы көне

    1 year ago
    Қалдықты энергияға айналдыру: жаңа зауыт Алматы облысының болашағын қалай өзгертеді?

    Қалдықты энергияға айналдыру: жаңа зауыт Алматы облысының болашағын қалай өзгертеді?

    7 months ago
    Өтірігі жоқ өмір

    Өтірігі жоқ өмір

    1 year ago
    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    ҚазҰУ-да «Farabi Hub» орталығы ашылды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.