Алматы облысында 9 аудан әкімі азаматтарды қабылдап, талап-тілектерін тыңдайды. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
«15 ақпан күні аудан әкімдері аудандық AMANAT партия филиалдарында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді. Ондағы басты мақсат – халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындарды толғандырған мәселелермен танысу, олардың оң шешілуіне ықпал ету. Қабылдау уақыты кестеде көрсетілген», – делінген хабарламада.
Айта кету керек, өткен жылы партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындардан 3 546 өтініш түскен. Қазіргі уақытта бұл мәселелердің 65 пайызы оң шешімін тапты.