-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жолақы жыры бітер ме?

    20.02.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Өңір тынысы
    Жолақы жыры бітер ме?
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

    Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 08 қаңтардағы № 4 қаулысына сәйкес 10 ақпаннан бастап қалаішілік бағыттағы автобус жолақысы қолма-қол ақшамен 200 теңге болып белгіленді. Жолақыны ұялы телефонға жүктелген «Avtobys» мобильді қосымшасы немесе электрондық жол жүру картасымен төлеу құны өзгермей, бұрынғыдай 80 және жеңілдікпен 40 теңге мөлшерінде қалды. Сол күні электронды картасы жоқ және түрлі себептермен мобильді қосымшаны қолдана алмауы себепті жолақыны 200 теңгеден төлеуге мәжбүр болған жолаушылардың қарасы көбейді. Олар жаңа тариф бойынша төлемақы талап еткен жүргізушіні жазғырып, осы мәселе бойынша әлеуметтік желілерде жағымсыз ақпарат таратып, наразылық білдірді.

    12 ақпаннан бастап 1-шағынаудан, №41 мекенжайындағы бұрынғы «Бәйтерек» бизнес орталығының ғимаратында орналасқан «Innotokce solusions» ЖШС кеңсесінің алдында «Avtobys»-қа ұзын-сонар кезек пайда болды. Сұрастыра келе, бұл жерде кезектің екі түрі бар екенін білдік. Біріншісі – зейнеткер, оқушы және студент картасын алушылар. Екіншісі – «Стандарт» деп аталатын жалпыға бірдей карта алуға келгендер. Кезекте тұрғандардың дені – шеткі ықшамаудандар мен саяжай тұрғындары. Кезегін күткен қоғамдық көліктің қызметін жиі пайдаланатын қала жұртшылығымен тілдескенде олардың бейқамдығына көз жеткіздік. Жол жүру картасын алуға ниеттенгендердің көпшілігі бүгінге дейін электронды және қолма-қол төлем бірдей болғандықтан жайбарақат жүргендерін жасырмады. Кейбіреулері картасын жоғалтып алса да, оны қайта қалпына келтіруге асықпаған. Арасында балаларына карта алу үшін жұмыстан сұранып келіп тұрғандар да бар болып шықты. Сенбі-жексенбі күндері бұл кеңсе жабық болатындықтан 5 күндік жұмыс істейтін ата-аналарға балаларына карта рәсімдеп алу қиындық тудыратыны анық. Оқушыға ата-анасы өтініш толтырып, карта алып бермесе, ол бала жолақыға 40 емес, 200 теңге төлеуіне тура келеді. Мобильді қосымша арқылы төлем баршаға бірдей – 80 теңге. Оның өзінде интернет байланысы болу керек. Тарифінің мерзімі біткен немесе интернетсіз тарифке қосылған жолаушылар QR арқылы төлем жасай алмайды. Оқушы үшін бұл тиімсіз. «Стандарт» картасына ешқандай құжат талап етілмей, еркін сатыла береді.

    – Қонаев қаласында «Avtobys» коғамдық көлік ақысын төлеу картасы қолданысқа енгеніне бір жарым жыл болды. Бұл өзгеріс жайында мектептерде ата-аналармен кездесу өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қала әкімдігінің қаулысымен 10 ақпаннан бастап жолақы қолма-қол ақшамен 200 теңге болған соң ғана осындай абыр-сабыр болуда. Бұл – уақытша құбылыс. Бірнеше күнде бәрі жолға қойылып, бір жүйеге келеді. Алдын ала әлеуметтік желілер арқылы халыққа картасыз төлемнің қымбаттайтыны жайында ақпарат берілді. Барлық бағыттағы автобустарда күні бұрын хабарландыру ілінді. Сонда да тұрғындар арқаны кеңге салып жүре берген. Оған қаңтар айында он шақты дана карта сатылғаны айқын дәлел болады. 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін 20 мыңнаң астам карта сатылған. Атап айтқанда, стандартты картаны алғандар саны – 10 мың. 6 мыңнан аса мектеп оқушысы мен 300-ге жуық студент карта алған. 2500-ден аса жеңілдетілген және мыңнан астам әлеуметтік карта сатылған. Картаның кез келген сауда нүктесінде сатылуы қосымша шығынды талап етеді. Қазіргі кезде стандарт картасын автобус жүргізушілері мен бақылаушылар арқылы сатқызуды қолға алдық. Жергілікті әкімдік пен білім бөлімі тарапынан мектеп оқушыларының карта алуының тиімді жолы қарастырылып, ол жөнінде бізге ұсыныс жасалса, әрдайым ынтымақтаса жұмыс істеуге әзірміз. Сондай-ақ, алдағы уақытта жүргізушінің алдына қанша адамның жолақы төлегенін көрсетіп тұратын құрылғы орнату жоспарда бар, – деді «Innotokce solusions» ЖШС-ның өңірлік басқарушысы Мадияр Қожахметов.

    Қонаев қаласындағы қоғамдық көліктерде картамен төлем төлеу планшеті жүргізушіге жақын орнатылған. Жүргізуші жолаушылардың картаны планшетке жанастырып, жолақы төлегенін бақылап отырады. Күмәні болса, өзіндегі құрылғымен де тексеріп көреді. Содан кейін есік аузындағы бақылаушы қолындағы құрылғысымен тағы тексереді. Осы тұста айтар бір кілтипан бар. Мысалы, бақылаушылар құрылғының дәл түбінде жолақының төленгенін көріп тұрып, қайта тексеріп жұрттың уақытын алып, мініп-түсуші жолаушылар кептелісін тудыруға себеп болуда. Әлде олар қолындағы құрылғысымен қанша карта тесергені жөнінде есеп бере ме екен? Аялдамада күтіп тұрып, автобустан түскендерді тексеріп жатса түсінікті еді. Жүргізуші жолақының төленгенін қадағалап отыратын болса, бақылаушының не қажеті бар? Өзге қалаларда жолаушылар мінген кезде картаны басып, автобус аялдамаға тоқтағанда барлық есік ашылып, түсіп кете береді. Егер автобустарда картамен төлем қабылдайтын құрылғылардың бірнешеуі орнатылса, жолаушыларға оңайырақ болар еді. Тексерушілердің жұмысын жеңілдетуге де септігі тиетіні даусыз. Әзірше әлгіндей құрылғы орнатылғанымен жуық арада бұл мәселенің түйіні тарқатылып, жолақы төлемі бір жүйеге келе қоятынына үміттен күдік басым болып тұр.

    Айжарық Көптілеуов,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Үздіктер анықталды

    Үздіктер анықталды

    4 months ago
    Алматы облысында осы жылдың жеті айында  365 өрт оқиғасы тіркелген

    Алматы облысында осы жылдың жеті айында 365 өрт оқиғасы тіркелген

    2 years ago
    Бірқатар өңірде оқушылар онлайн оқиды

    Бірқатар өңірде оқушылар онлайн оқиды

    1 year ago
    Мәхір беру дұрыс па?

    Мәхір беру дұрыс па?

    1 year ago
    Оқитын ұлт – озық ұлт

    Оқитын ұлт – озық ұлт

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>