Қонаев қаласында бүгін Алматы облысындағы алғашқы жастар COWORKING орталығының ашылу салтанаты өтті.
«Коуоркинг» – білім мен ғылымға ұмтылған жастардың бас қосар рухани орталығына айналмақ.
Мұндай алаң Қонаев қаласында бұрын соңды болмаған.
Ашылу салтанатына ҚР Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ерлан Жакупов, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мәди Ахметов және белсенді жастар қатысты.
Спикерлер жаңа орталық жастардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге ұмтылуға септігін тигізетініне зор сенім білдірді.
Жалпы, «Коворкинг» алаңы жастарды тұлға ретінде қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында құрылып отыр.