-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

    29.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Партия
    Алматы облысында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

    Форумға 55 мыңға жуық партия мүшесін біріктіріп отырған 155 бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты, деп хабарлайды облыстық AMANAT партиясының баспасөз қызметі.

    Қонаевта өткен жиында бастауыш ұйым төрағалары тұрғындардың мәселесін шешудегі тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымның жұмысын жандыру жолдарын талқылады.

    «Бастауыш ұйымдар – партиямыздың негізгі қозғаушы күші. Саяси өзгерістердің бел ортасында бастауыш партия ұйымдарының қолдауын ерекше сезіндік. Бүгінде Алматы облысында «АМАNАТ»-тың 54 989 мыңға жуық мүшесі 155 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Дәл сол ортада азаматтар партия қатарына қабылданады және қоғамда партияның құндылықтарын ілгерілетуге қабілетті жаңа көшбасшылар қалыптасады», – дейді партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.

    Оның айтуынша, «AMANAT» партиясы бірқатар әлеуметтік жобалардың бастамашысы. Бастауыш ұйымдар «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және басқа да жобаларды іс жүзіне асыру барысында ерекше белсенділік танытып жатыр. Мәселен, екі айда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 600-ге жуық өңір тұрғыны қаржылық сауаттылығын арттырды. Ал өткен жылдан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 4,6 млрд теңгеден аса сомада 622 шағын несие берілді. «Жер аманаты» жобасы аясында жекеге заңсыз өткен 236 мыңнан аса гектар жер мемлекетке қайтарылды.

    «Бұл нәтижеге, көрсеткішке оңай жеткен жоқпыз. Шынын айту керек, мұндай нәтиженің артында барлық бастауыш партия ұйымының еңбегі, әрбір партияластың төккен тері тұр. Біз оны қашанда жоғары бағалаймыз», – деді Қуат Байғоджаев.

    Ал бастауыш партия ұйымының партиялық жобаларды іске асыру аясындағы қызметі туралы Іле аудандық филиалының «Байсерке» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сұлтан Жарқынбеков тәжірибесімен бөлісті.

    «Қазіргі таңда барша қазақстандықтар өздерінің жарқын болашағын партиямен байланыстырады. Ал оның айқын көрінісін Іле аудандық «Байсерке» бастауыш партия ұйымының жұмысынан көруге болады. Бастауыш партия ұйымының мүшелері жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып халықтан түскен өтініштер бойынша Қоянқұс, Ынтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап, Байсерке ауылдарында 42 көшенің жолын жасауға атсалысты. «Баланы мектепке дайындайық» акциясы аясында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған 55 отбасының 210 баласына киім-кешек пен оқу құралдары алынып берілді. Мақтанышпен айтар ізгі іс көп. Мәселелер сөз күйінде қалып жатқан жоқ, шешімін табуда. Билік пен халық арасын байланыстырып отырмыз», – деді Сұлтан Жарқынбеков.

    Сондай-ақ, форумда партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Оларға партия билеті табысталды. Жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған 16 партия ұйымының төрағалары алғыс хат және арнайы статуэткалармен марапатталды.

    Ұсынымдар

    Жүйесін тапқан жұмыстар журналистер назарынан тыс қалмады

    Жүйесін тапқан жұмыстар журналистер назарынан тыс қалмады

    2 weeks ago
    Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

    Алматы облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

    3 months ago
    Ұйым жұмысы жанданып келеді

    Ұйым жұмысы жанданып келеді

    5 months ago
    8-10 шағын аудандардағы жол құрылысы қарқынды жүруде

    8-10 шағын аудандардағы жол құрылысы қарқынды жүруде

    1 year ago
    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>