-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ардагерлер құрметке бөленді

    15.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы
    Ардагерлер құрметке бөленді
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес 1979 жылы Ауғанстан аумағына Кеңес одағының әскері кіргізілді. Ауған жеріндегі 1989 жылға дейін созылған соғысқа сол кезде Кеңес құрамында болған біздің елімізден 22 мың адам қатысты. Олардың 700-і жат жер топырағында ажал құшып, 21-і хабарсыз кетті, мыңнан астамы түрлі жарақат алып, елге оралған соң соның салдарынан қайтыс болды. Кеңес одағы 1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан соңғы әскерін шығарды. Осы күн елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Қонаев қаласында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен биыл 35 жыл толып отырған атаулы күнге орай салтанатты шара өтті.

    Отан алдындағы интернационалдық борышын абыроймен атқарған кешегі сарбаз, бүгінгі ардагерлердің құрметіне арналған жиында алғашқы сөз кезегі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ескелді Қасымовқа берілді.
    – Мерейлі күн қарсаңында Қонаев қаласы мен аудандарда Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер, танымдық сағат, еске алу кеші, кітапханаларда оқырман конференциялары мен спорт жарыстары, ескерткіштер мен монументтерге гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылуда. Облыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, жергілікті өкілді органдардың шешімімен Ауғанстандағы немесе басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына атаулы күндерге орай бір рет 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған. «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек заттай нысанда немесе ақшалай түрде жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін көрсетіледі. Сонымен қатар, Қонаев қаласында жолаушыларды тасымалдаушы мекеме басшылығы тарапынан Ауған соғысы ардагерлері және оған теңестірілген азаматтарға автобустардың жолақысына жеңілдік жасалған. Облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйытқы болуымен Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында женілдік қарастыру жұмысы қолға алынуда, – деген қоғамдық кеңес төрағасы Ауған ардагерлеріне мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істерге тоқталды.

    Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ұсынған жоба негізінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына – 35 жыл» мерекелік медалі жасалған. Қазіргі таңда облыста 1100 Ауған соғысының ардагері ғұмыр кешіп жатыр. Аталған медаль осы майдангерлердің барлығына беріледі. Салтанатты шараға қатысқан 41 ардагерге аталған медаль мен облыс әкімі бірінші орынбасарының Алғыс хаты табыс етілді.

    Міндетті әскери борышын Ауған жерінде болған ұрыс қимылдарына қатысу арқылы өтеген, бүгінде Іле аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде абыройлы қызмет атқарып жүрген Беркін Бесіров сөз алып, ардагерлерге құрмет көрсетіп, жоғары деңгейде шара ұйымдастыруға ұйытқы болған ішкі саясат басқармасының қызметкерлеріне жүрекжарды алғысын жеткізді. Беркін Сайлауханұлы сөзінің соңында Ауған ардагерлерін жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге атсалысуға шақырды. Сонымен қатар, облыстық Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Қанат Молдабергенов Ескелді Қасымовтан барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестерге бір-бір Ауған соғысы ардагерінің мүше болуына ықпал етуін сұрады. Ескелді Құдайбергенұлы қоғамдық кеңес мүшесі болып сайланудың тәртібін түсіндіре келе, Қанат Еренұлының ұсынысын қолдайтынын білдірді.

    Айжарық Көптілеуов,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Заман деген заңғармен санасады немесе Шерағаның шекпені

    Заман деген заңғармен санасады немесе Шерағаның шекпені

    2 years ago
    Жетісу университетінде арнайы білім беру мәселелерін зерттейтін орталық ашылды

    Жетісу университетінде арнайы білім беру мәселелерін зерттейтін орталық ашылды

    1 month ago
    Облыста сыбайлас жемқорлық жайлаған салалар аталды

    Облыста сыбайлас жемқорлық жайлаған салалар аталды

    2 years ago
    Тарихқа тағзым

    Тарихқа тағзым

    3 weeks ago
    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>