-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Білім-ғылым

    Білім мен ғылымның «қара шаңырағы» ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл

    16.02.2024
    in Білім-ғылым, Мәдениет, Мереке
    Білім мен ғылымның «қара шаңырағы» ҚазҰУ құрылғанына 90 жыл

    Фото: kaznu.kz

    0
    SHARES
    47
    VIEWS

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына биыл 90-жыл толуы – ел өміріндегі айтулы тарихи оқиға. Бүгінде республикамызға танымал талай тұлғаның – қоғам, мемлекет қайраткерлерінің, ғылым мен білім, әдебиет пен өнер саңлақтарының дені осы университет түлектері екендігі көңілге қуаныш ұялатады. Осынау атақты тұлғалардың кезінде білім нәрімен сусындап, биік қанат қағуына филология факультетінің де үлесі теңдессіз мол екенін мақтан тұтамыз.

    1937 жылы қыркүйек айында гуманитарлық факультеті, бір жылдан кейін құрамында үш кафедрасы (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі) бар 120 адамнан тұратын контингентпен филология факультеті құрылды. 1938 жылдан бастап факультетте қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы ашылды. Факультет қазақ әдебиеті мен ғылымына, мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан тамаша таланттарды, даңқты тұлғалар мен ұлағатты ұстаздардың талай буынының қанатын қақтырды. Факультетте алғашқы кезекте қазақ әдебиеті кафедрасы құрылды. Оның қалыптасып, дамып, керегесін кеңейтуіне әлемге әйгілі академик-жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов ұланғайыр қызмет жасады. Ұстаздық дәстүр қалыптастырды. Бұл факультет өзінің руханилығымен, қасиеттілігімен құнды екендігі айқын. Қазақ еліне еңбегі сіңген, қазақ әдебиетінің төрінен өзіндік орнын, бағасын алған ақын-жазушылар, білікті де ойшыл ғалымдар, қоғам қайраткерлері ұшып шыққан «алтын ұя» деп айтуымызға болады.

    Факультеттің ғылым ордасына айналуына айрықша еңбек сіңірген алғашқы ұстаздар Н.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңеспаев, Ш.Х. Сарыбаев, С.Жиенбаев, Г.Бегалиев, И.Маманов, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Қ.Жұмалиев, А.Я.Андрузский, Т.В.Поссе, Х.Х.Махмудов, С.К.Сайкиев, М.Әуезов, К.Аханов, З.Қабдолов және тағы басқаларының есімдерін мақтанышпен айтуымызға болады. Факультетіміздің аз уақытта университеттегі абыройы асқақтап, қадамының қарыштауына атақты академик Әлкей Марғұлан, Республика Ғылым академиясының мүше корреспонденті, профессор Е.Ысмайылов, Кеңес Одағының батыры, КСРО Педагогика ҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор М. Ғабдуллин ерен еңбек етті.

    Факультет құрылғаннан бері мұнда 7000-ға жуық шәкірт білім алып, үлкен өмірге қанат қақты. Оның ішінде елімізге белгілі тұлғалар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері көптеп саналады. Олардың арасында ҚР ҰҒА-ның 10 академигі, 90- ғылым докторы мен 247-ғылым кандидаты бар. Мысалы, З.Қабдолов, С.Әшімбаев, Ә.Кекілбай, Қ. Мырза-Әлі, А.Қыраубаева Т.Молдағалиев, М.Мағауин, Т.Кәкішев, З.Ахметов, Н.Оразалин, Ө.Айтбаев, С.Садырбайұлы және тағы басқалары. Филология факультетін бітірген түлектер арасынан мемлекет қайраткерлері, үкіметтің түрлі басқару ұйымдарында, министрліктерде басшылық қызметтер атқарып жүргендер де жеткілікті. Факультеттен көптеген әдебиетші-ғалымдар, ақын-жазушылар буыны оқып, тәрбиеленіп шықты. Бір ерекшелігі, факультетті әр жылдары бітірген түлектер бүгінде танымал қаламгер, әдебиет сыншылары, журналистер, газет-журнал редакторлары, баспа директорлары.

    Университетке аты берілген Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» дейтін қастерлі қағидасы – факультеттегі әр ұстаздың ой-санасында, жүрегінде әркез алаулайды.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, қауымдастырылған профессор Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы
    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD доктор Ақкөзова Айнұр Әбдіжәлелқызы

    Ұсынымдар

    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    Алматы облысы суға кеткен адамдар саны бойынша алда тұр

    2 years ago
    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    Ел сенімі жеңіске жетелейді

    11 months ago
    Алматы облысында кадр резервіне іріктеу аяқталды

    Алматы облысында кадр резервіне іріктеу аяқталды

    9 months ago
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады

    ТІЛ МӘДЕНИЕТІ – ЕЛ МӘДЕНИЕТІ

    3 months ago
    Халықтың қалтасын қағу

    Халықтың қалтасын қағу

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.