-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Идеология

    Тұлға туған топырақ

    17.02.2024
    in Идеология, Мәдениет, Мереке, Руханият
    Тұлға туған топырақ
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Нарынқол десе – Бердібек, Бердібек десе – Нарынқолдың еске түсетіні заңдылық. Екеуі де – Хантәңіріндей биік, егіз ұғым. Сонау елуінші жылдары Аспантаудан Алматыға аттанған қара бала қаламгерліктің шыңына шығып, алты Алаштың мақтанышына айналды. Балалар әдебиетінің біртуар өкілі әлемдегі әріптестерімен иық теңестірді. Шығармалары дүниежүзін шарлады. Биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланатын жазушының 100 жылдығы облыс орталығы Қонаев қаласында шымылдығын ашқан еді. Енді сол ізгі шара туған жерінде жалғасын тапты.

    Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылындағы Мәдениет үйіне жиналған жұртта есеп жоқ. Атақдаңқына бәрі арқаланып тұр. Бердібек Соқпақбаевтың кітаптарын сүйіп оқығандықтан, ондағы оқиғалар көпшіліктің көңілінен берік орын алған.

    Аталған жиын «Бердібек әлеміне саяхат» атты деректі фильмнің тұсаукесерінен басталды. Бұл кинотуындыда жазушының өмірбаяны мен өсу жолдарына қатысты деректер жанжақты қамтылған. Оған бүгінгі күннің көзқарасы бойынша баға беріледі. Бұрын байқалмаған қырлар мен сырлар ортаға салынады. Фильм, аты айтып тұрғандай, онда қайта оралмас өткен өмірдің тараулары терең толғаммен баяндалады. Көрушілерді әдемі әсерге бөлегені сондықтан. Жұрт Бердібекпен және оның замандастарымен қайта қауышқандай болды.

    Жиында сөз алған Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев фильм туралы өз пікірін білдірді. Жазушының кіндік қаны тамған елдімекен Қостөбе қазір бүкіл елге танылған қасиетті орынға айналды. Оның мемлекеттік шекараның дәл түбінде екені де талай тарихқа куә болғанын білдіреді. Егер, мына тауларға ғайыптан тіл бітсе, Бердібектің балалық шағына саяхат жасап, небір сырлы оқиғаларға қанықтыратын еді. Фильмнің шығармашылық өзегіне сондай негіздер арқау болған.
    – Бұл – бердібектануға қосылған үлкен үлес. Естіген бір бөлек, көзбен көр ген басқа. Кинотуындыны мектептерде көрнекі құрал ретінде пайдалансақ ұтылмаймыз, – деді Берік Фатықұлы.
    Аудан әкімі бұдан кейін деректі фильмнің авторы, Сержан Молдасанұлына көпшілік атынан алғыс айтып, арқасына шапан жапты. Осы орайда Сержан Молдасанұлының шығармашылығына аз-кем тоқтала кетсек артық болмас. Тележурналист, киносценарист және режиссер бұдан бұрын «Қарасаз көшелерінде» деген фильм ұсынып, Мұқағали жырына ауылдастарының қандай құрметпен қарайтынын паш еткен. Бүгінгі туындысы Аспантаудан шыққан алыптарды сөз етудің жалғасы іспеттес.

    Алматыдан және Қонаев қаласынан келген құрметті қонақтар – «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның бейнесін сомдаған Нұрлан Санжарұлы, облыстық мәдениет басқармасының бөлім меңгерушісі Төлеужан Нүсіпжанұлы, Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Қанат Әбілқайыр Бердібек Соқпақбаевқа қатысты көрген, білгендерін көпшілікпен бөлісті.

    «Айналайын, атамекен, ақ мекені» жазушы мұраларын қазынаға балайтындарын баршаға паш етті.

    Дастан Жанасыл,
    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Шаруаларға қаражат дер кезінде түспейді

    Шаруаларға қаражат дер кезінде түспейді

    4 months ago
    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    “Не загнать в тень”: Авторы налоговой реформы о необходимости сбалансированного решения

    4 months ago
    Ғылым шыңына қадам басқан жас талант

    Ғылым шыңына қадам басқан жас талант

    5 months ago
    Құқықтық сауатты арттыратын ақпараттық науқан басталды

    Құқықтық сауатты арттыратын ақпараттық науқан басталды

    2 years ago
    Көк күмбез кімге көзтүрткі?

    Мұсылмандық діни бірегейлік

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.