Наурыздың 3-і күні Алматы облысының төрт ауданында бес ауылдық округтің әкімі сайланды. Бұл туралы AMANAT партиясының облыстық филиалы хабарлады.
Дауыс беру нәтижесінде Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылдық округіне Мақсат Демесінов және Шелек ауылдық округіне Айдар Дәуітқұлов әкім болып сайланды.
Тұрғындар Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылдық округінің әкімі етіп Бақыт Жақаевты таңдады.
Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылдық округінің әкімі болып Айгүл Садырова сайланса, дауыс берушілердің таңдауымен Райымбек ауданы Сүмбе ауылдық округінің әкімі лауазымына Азамат Саламат сайланды.
Айта кету керек, кандидаттар сайлауалды бағдарламасында ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсарту, көшелерді абаттандыру, жұмыссыздықты жою сынды мәселелерді шешетінін атап көрсеткен.
Әкім болып сайланғандардың барлығы – аманаттықтар.