-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Құрақ көрпе»

    05.03.2024
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым
    «Құрақ көрпе»

    Фото: zhasalash.kz

    0
    SHARES
    79
    VIEWS

    Елдің келбетін келістіретін де, әлеуетін айқындайтын да маңызды бір сала бар. Ол – жол. «Азаматын көріп, елін таны». Жолына қарап та біраз нәрсені аңғару қиын емес. Осы тұрғыдан келгенде мақтана алмайтынымыз рас, тіпті ұялатын тұстарымыз көп. Басқасын айтпағанда, республикалық маңызы бар «Көкпек – Кеген – Түп» жолы жолаушылардың да, жүргізушілердің де жүйкесін жұқартып болды. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, жолдың жыры жөнінде айтылмаған сөз, естімеген құлақ қалмады.

    Жолдың машақаты Қайқы асуына келгенде басталып, ары қарай Кеген, Нарынқолға дейін ұласады. Бірден-бір республикалық маңызы бар бұл жол аты ғана болмаса, заты сын көтермейді. Жылда ой-шұқырын жамап-жасқағанымен, көктем шыға асфальт қармен бірге “еріп” кетеді. Осылайша, бұл жол жүргізушілердің де, жолаушылардың да азабына айналды.

    Осыдан екі жыл бұрын, Кеген және Райымбек аудандарының ашынған халқы күре жолды жауып, өз наразылықтарын білдіріп, билікке шағымдарын жеткізген еді. Наразылыққа Кеген асуындағы 15 шақырым жолдың күреліп, оның қайта жасалмауы, сонымен қатар, екі ауданның барлық жолы шұрықтесік болып, жөндеу жұмыстарының жүрмеуі себеп болды. Осылайша, аудан тұрғындары екі рет наразылыққа шығып, жолды жапты. Қымбатшылық қысып тұрғанда, халық жолды жаппағанда қайтсін? Халық бұл жолдан әбден шаршады. Шаршағаннан осы халге жетті. «Осы жолды жасауға билік неге қауқарсыз?», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қайда?» деп ашынады жергілікті тұрғындар. Сұрақ көп, жауап жоқ. Сол кезде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан халықтың көкейінде жүрген «Кеген – Нарынқол» жолын «Қазавтожол» мамандарына төтесінен қойып, депутаттардың жалпы отырысында көтерген еді. Енді міне, араға екі жыл салып, мәжілісмен Жанарбек Әшімжан тағы бір мәрте депутаттық сауалын Қазақстан Республикасының Көлік министрі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысына жолдады. Онда: «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыстар қажет. Жалпы, жол саясатындағы мақсат біреу– республикалық немесе аймақтық жол болсын, бәрі сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес», – деген баға берген болатын. Бұған дейін де Мемлекет басшысы Қазақстандағы жолдарды құрақ көрпеге теңеген еді. Әлі күнге дейін жол саласында салғырттықтар аз емес. Жол – Қазақстанның қантамыры! Тамырдан ақау кетсе адам ағзасы қандай апатқа ұшырайтыны өзіңізге мәлім. Жол азабын жүрген біледі.

    Осы орайда сол азапты күнде бастан кешіп жатқан Алматы облысы Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарындағы елдің жанайқайын жеткізгім келеді. Бұрын да айтқам, тағы айтуға тура келді. Өйткені, нәтиже жоқ. Жалпы, Кеген ауданы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 215 шақырым. «Көкпек – Кеген – Түп» республикалық маңызы бар автокөлік жолы 1968 жылы салынған. Осы жолдың Кеген асуынан Кеген ауылына дейінгі жолға 2021-2022 жылдары «КазАвтоЖол» ҰК орташа жөндеу жұмыстары жүргізген, жоба құны – 875,4 млн теңге. Жауапкершіліксіз мердігердің кесірінен сонша қаржы желге ұшты да кетті. Жыл өтпей жолдың асфальт жабындысы толығымен бұзылып, қайтадан таз қалпына түсті. 2022 жылы осы учаскілерде 18 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, айдың-күннің аманында 43 адам жарақаттанып, 10 адам қаза тапты», – дей келіп, Кеген мен Нарынқолдың арасын жалғайтын республикалық 90 шақырымдық жол халық үшін қияметтің қылкөпірінен кем еместігін ашына жеткізген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен оның өңірдегі филиалдарына елдің наразылығы көп екенін, саладағы жемқорлық мәселесі жолдың да, халықтың да титығын шығарып болғанын, Ұйғыр ауданы аумағындағы «Шонжы – Көктал» арасын жалғайтын 40 шақырымдық жол да өңір тұрғындарының әлеуметтік тауқыметіне айналғанын алға тартқан. Осылайша, Парламент мінберінен жыр болған жол мәселесін халықтың аманатын арқалаған Жанарбек Әшімжан тағы бір мәрте көтерді, әйтпесе еститін Үкіметтің құлақ асатын түрі жоқ. Айтылғандай, жол да күретамыр іспеттес. Аурудың алдын алмаса, асқынғанда не боларын өздеріңіз білесіздер. Күн жылынып, қар еріген қазіргідей уақытта аудан тұрғындары жол азабын қайта тартуда. Себебі, жол сапасы өте нашар. Жолдың тозығы әбден жеткен. Сын көтермейді. Президент айтқандай, «құрақ көрпе».

    Жол – экономиканың күретамыры, байланыстың алтын арқауы. «Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс» деп Жиренше шешен айтқандай, алысты жақын етіп, адамдардың қарымқатынасына, барыс-келісіне әсер ететін жолдың сапасы кімді болса да бейжай қалдырмасы анық.

    Дәурен Әбутәліпов,
    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Балсабын жасау шебері

    Балсабын жасау шебері

    8 months ago
    Жеті облыста 3745 үйді су басты

    Жеті облыста 3745 үйді су басты

    1 year ago
    Өлкетанушы: “Біз үлкен тарихтың үстінде отырмыз”

    Өлкетанушы: “Біз үлкен тарихтың үстінде отырмыз”

    1 year ago
    Офицердің ерлігі

    Офицердің ерлігі

    1 year ago
    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ

    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.