Жылына бір келетін Наурыз мерекесі Іле ауданында жақсы көрініспен бастау алды. Мерекелік сахна әдеттегідей ән мен жырға толды. Өтеген батыр ауылындағы арбатта наурыз көже таратылып “Бауырсақ пати” ұёымдастырылды. Ұлттық киім киген аудан өнерпаздары да Наурыз тойын шаттық тойы етіп тойлады. Дүбірі алыстан естіліп жатқан мерекені бастамас бұрын аудан әкімі Б.Қарасаев, әрбір шатырға бас сұғып, мерекемен құттықтады. Онда әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге бай қазақ халқының «Ұйқыашар, селтеткізер», «Ұлттық ойындар», «Құйрық-бауыр тарту», «Қыз ұзату», «Бесікке салу», «Тұсау кесер» секілді көріністер тамашаланды. Мерекеде гір тасын көтеріп, арқан тартысып, тоғызқұмалақ, асық ойнап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген жастар ұлттық ойынның көркін қыздырды.
Дүбірлі думанды тамашалауға келгендердің де қарасы қалың.
Бағдат Шойбас,
Іле ауданы