Алматы облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Азаматов су тасқыны қаупі бар 20 елді мекен бар екенін, 5 елді мекенде қауіп толығымен жойылғанын баспасөз мәслихаты барысында атап өтті.
Департамент өкілінің айтуынша, өңірде 19 ақпаннан бастап су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі басталған. Мәселен, елді мекендерден 3,7 мың текше қар шығарылған. 264,5 шақырым арық желілері, 139 бірлік су өткізу құбырлары, және 7 бірлік темір жол астындағы су өткізу және 69,6 км шақырым су бұру каналдары тазартылды.
«“Көктем-2024” республикалық оқу-жаттығу шеңберінде 5 су тасқыны қаупі бар нысан, 1,8 шақырым арықтар, 73 автожолдар астындағы су өткізу құбырлары тазартылып, 150 текше метр қар шығарылды.Нәтижесінде су тасқыны қаупі барынша азайтылды»,-дейді Даурен Азаматов
Сондай-ақ, «Су тасқынына қарсы инженерлік жұмыстар жоспарын» іске асыру аясында, Еңбекшіқазақ, Талғар,Жамбыл,Кеген,және Қарасай аудандарының 12-і елді мекендерінде жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 88 су өткізу құбыры ауыстырылып, 435 шақырым арық-канал жүйесі қайта жаңартылған.
Бұдан бөлек, «Балхаш-Алакөл бассейндік инспекциясының» күнделікті мәліметтеріне сәйкес облыстың «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» сияқты ірі су қоймаларын толтыру штаттық режимде жүргізілуде.
Даурен Азаматовтың айтуынша, су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында материалдық-техникалық құралдар жұмылдырылды. Атап айтсақ, 1326 адам, 471 бірлік техника, 126 мотопомпалар, 29 бірлік жүзу құралдары.
Су тасқыны жағдайы бақылауда, қажетті күштер мен құралдар дайын тұр деп қортындылады спикер.