Әз Наурыз өзінің жақсылықтарымен және толағай табыстарымен табалдырығымызды аттап, жайдарман жаңалықтарымен баршамызды қуантуда.
Бұлай деп сөз бастауымызға негіз болғаны, жақын күндері ауданымыздың кіреберісінде орналасқан Миялы және Бақбақты ауылдық округтеріне табиғи газ беріліп, аталмыш ауыл тұрғындары зор қуанышқа кенелді.
Күлімдеген көктемнің шапағатына бөленіп, көгілдір отынды алғашқы болып пайдаланып жатқан ауыл тұрғындарының қуаныштарына ортақтасқан Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев, сондай-ақ газ құбырын жүргізуші компания қызметкерлері Миялы ауылының тұрғыны, тыл ардагері Майра Смағұлованың шаңырағына атбасын бұрып, ақ жаулықты ананы осынау қуанышымен құттықтады.
Көгілдір отынның қосылуын көптен күткен ауыл тұрғындары бүгінгі таңда табиғи газға жаппай қосылу мәселесін қарастырып, соның негізінде өтініш білдірушілердің қатары күннен-күнге артып келеді.
Бақтығали Дәуітбаев,
Балқаш ауданы