Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында Қарасай ауданының мен Қонаев қаласы мәслихаты аппаратының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралды, сондай-ақ Алматы облысы бойынша экология департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің, Алматы облысы бойынша статистика департаментінің басшысы мен Әдеп жөніндегі кеңес мүшесінің есептері тыңдалды.
Мәселен, Әдеп жөніндегі кеңестің қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты Қарасай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істерді тоқтату туралы шешім қабылданды.
Қонаев қаласы мәслихаты аппаратының басшысына қатысты тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды. Әдеп нормаларының бұзылуы жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қызметтік жағдайды, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді пайдалана отырып аумақтық сайлау комиссиясының қызметіне ықпал ету үшін іс әрекеттер жасауда көрініс тапты.
Бұдан басқа, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін лауазымдарға тағайындау практикасын біліктілік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне сыйақы беру практикасына жүргізілген талдаулардың қорытындылары қаралды.