Алматы облысының Іле ауданы Байкент ауылында бүгін, 30 наурыз күні Ворошилов су қоймасы бөгетінің бір шеті жарылды. Бұл туралы Төтеншк жағдайлар министрлігі Telegram-дағы каналында хабарлады. Қоймадағы су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойымен ағып жатыр. Тоғандарға құйылатын барлық шлюздер ашық. Су транзиттік режимде ағуда. Қазіргі уақытта тиісті қызметтер халықты жағдайдан құлақтандырып жатыр. Елді мекендерді су басу қаупін нақтылау жұмыстары жүргізілуде.
Оқиға орнында ТЖД жеке құрамы мен бастығы, облыс әкімі бар.