Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі елдегі су тасқынына қатысты жағдай бойынша соңғы әрі жедел ақпарат таратты. Ол бойынша, ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 3,5 млн астам м3еріген қар суы сорылды, 288 мыңнан астам қапшық және 44,7 тонна инертті материал төселді.
Апаттық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам, 2000-ға жуық техника, 644 су айдау құралдары және 61 жүзу құралдары, 12 әуе кемесі ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.
Осы уақытқа дейін «Жедел желі» телефондарына 527 қоңырау келіп түсті. Төтенше жағдайлар министрлігінде республикалық жедел штаб және Ақтөбе, Абай, Алматы, Ақмола, Атырау, БҚО, ШҚО, СҚО, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау және Павлодар облыстарында облыстық жедел штабтар жұмыс істейді.
Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарында 10 587 адам, оның ішінде 5 101 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 5 497 адам, оның ішінде 1 739 бала орналастырылды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 747 адам, оның ішінде 261 бала эвакуацияланды.
Су шайған 29 автожолдар, оның ішінде 4 көпір және 26 жол төсемі бақылауда.
Еске салайық, еліміздің 6 өңірінде психологиялық және ақпараттық қолдау және көмек көрсету үшін тәулік бойы ТЖМ “Жедел желі” телефондары жұмыс істейді:
– ДЖБО Астана қ.: 8 (7172) 704-114
– Ақтөбе облысы ТЖД: 8 (7132) 548-657
– БҚО ТЖД: 8 (7112) 554-088
– Қостанай облысы ТЖД: 8 (7142) 501-960
– Ақмола облысы ТЖД: 8 (7162) 551-484
– Қызылорда облысы ТЖД: 8 (7242) 244-161.