-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Биыл Наурыз мерекесі қалай аталып өтеді?

    14.03.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Руханият
    Биылғы Наурыз мейрамының ерекшеліктері
    0
    SHARES
    106
    VIEWS

    Күн мен түннің теңесіп, жаңа күннің келер басы – Наурыздың табалдырықтан аттайтын сәтіне де санаулы күн қалды. Төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін 14–23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі жарияланды.

    Наурыз мерекесі аясында өңірдің барлық аудандарында 700-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Тұрғындарды ұлттық жарыстар, 2000 мың адамдық көш керуені мен мерекелік концерт күтеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
    Осыған орай, облыстың Наурыз мейрамына арналған бірыңғай логотипі әзірленді. Бұл туралы Алматы облысы ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсел Жалғаспаева мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев айтты.
    Сондай-ақ, 1 наурыз бен 25 наурыз аралығында аудандар мен Қонаев қаласындағы 92 ірі сауда орталықтарында «Наурыз Sale» атты жеңілдіктер науқаны өтіп жатыр. 11 наурыздан бастап 24 наурызға дейін мүдделі кәсіпкерлерді тарта отырып, адамдар көп жиналатын алаңдарда, ірі сауда орталықтарының алдында «Наурыз қалашықтары» ұйымдастырылуда. Бұл қалашықтарда қазақ үйлер тігіліп, көрмелер, жәрмеңкелер, тик-ток фотоалаңдары орналастырылады.
    Әсел Жалғаспаеваның баяндауынша, айтулы күн Көрісу күнінен бастау алады. Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде Тазару күнімен аяқталады.

    «Аудандар мен қалада Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы мен «Алатау әуендері» ұжымының «Төрле, Наурыз, еліме» атты мерекелік гастрольдік концерттері өткізіледі. Барлық аудан, қалаларда «Bauyrsaq Party» бауырсақты тегін тарату акциясы ұйымдастырылады»,- деді Әсел Жалғаспаева.

    Данияр Алиевтің сөзінше, жылды қарсы алу «Ынтымақ» көш-керуенімен басталып, облыс орталығына киіз үйлер тігумен ерекшеленеді. Көш 22 наурыз күні сағат 10:00-де басталады. Орталық алаңға жеткен «Ынтымақ» көш-шеруін Қонаев қаласы қарсы алады. Ұлттық салт-дәстүр бойынша, келген көшті «Ата Дәстүр» жөн-жоралғыларымен күтіп алады.
    «Көшке 2000 адам қатысады. Бір аудан – бір Көш. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы Сақ қорғандарымен, әйгілі Алтын адамымен ерекшеленеді. Көш-керуендердің өнері толық аяқталғаннан кейін «Жаңа күн» атты пролог басталады. 200 адам қатысатын Пролог күнді қарсы алу, көктемнің келуі, табиғаттың оянуы, Қыдыр атаның бата беруі сияқты дәстүрлерді қамтиды»,- дейді Данияр Алиев.

    Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын табады. Концерттік бағдарламада халық сүйіп тыңдайтын «Дос Мұқасан», Әбдіжаппар Әлқожа, Шәба Әденқұл, Мирас пен Құралай сияқты белгілі әншілер қатысады. Ал кешкі концерт сағат 19.00-де өтеді.

    Ұсынымдар

    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?

    Шарындағы түйткілдер қашан шешіледі?

    1 year ago
    Бала дінді есейгенде таңдағаны жөн – Президент

    Бала дінді есейгенде таңдағаны жөн – Президент

    2 years ago
    Алматы облысында жылыту маусымына бөлінген қаржы көлемі аталды

    Алматы облысында жылыту маусымына бөлінген қаржы көлемі аталды

    2 years ago

    Қонаевта 14,3 мың гектар жер пайдаланылмай жатқаны анықталды

    2 weeks ago
    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау

    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.