-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Кәсіпкер келін

    12.03.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Кәсіпкер келін
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Бұдан былай Райымбек ауданының тұрғындарына халал шұжық іздеп, әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ. Ауданда дәмі тіл үйірер шұжықтың түр-түрін жасайтын Қарлығаш немесе «Келинка Карла» бар. Ол жайлы естігенсіз бе?

    Жақында бар жанарды жаулаған «Тик-ток» желісінен «Келинка Карла» атауымен бірнеше бейнематериал жүктеп, «Инста-желіде» де белсенді блок жүргізетін Қарлығаш ханымды байқап, қызығушылықпен парақшасына кірсек, Райымбек ауданының Шалкөде ауылының тұрғыны екен. Отбасы мен үй шаруасын, оған қоса осынау шағын кәсіпті дөңгелетіп отырған Қарлығаш ханым – төрт баланың анасы. Үлкен әулеттің абыройлы келіні. Ата-енесінің ізімен жары Мақсат екеуі төрт жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келеді. «Малдың жайын баққан білер» демекші, мал шаруашылығының пайдалы тұстарын қарастырған Қарлығаш ханым бастапқыда 2-3 жыл көлемінде сүт өнімдері, оның ішінде, құрт, май сынды ешқандай қоспасыз жасалатын табиғи өнімдерді сатумен айналысты. Сауда мен кәсіпке осылай қадам басып, ендігі кезекте ет өнімдерімен айналысуды қолға алды. Осы тұста жаңашылдықтан жасқанбайтын ерлі-зайыптылар шұжық өндірісін бастады. Расымен де табиғи өнімдер қашанда сұранысқа ие. Әрбір әрекетін сауатты бастауды жөн көретін «Карла келін» шұжық жасаудың арнайы оффлайн курсынан өтті. Курстан алған білімін тәжірибемен ұштастырып, арнайы ыстау аппаратын алып, мал сойып, білек сыбана шұжық шығаруға кірісіп кетті. Тұтынушылар алдындағы адалдық үшін малдың сойылу процесін де әлеуметтік желілерге (insta:kelinka_karla) жүктеп отырады.

    Жас кәсіпкер шұжықтың жасалу жолында бөлісудің еш құпия жоқтығын айтты. Халық өнімнің табиғи екенін білсе, кәсіп жүре беретінін алға тартты. Өзге де осындай кәсіппен айналысуды көздеген жандарға бағыт-бағдар ұсынуға дайын екенін де жеткізді.

    Шұжық арнайы ыстау аппаратында арнаулы дәмдеуіштермен, қой етімен, жылқы етімен жасалады. Қарлығаш ханымның айтуынша, шұжыққа тауық етін қосу оның жұмсақ әрі балғын болуына септігін тигізеді. Жылқы етімен жасалған шұжықтар шамалы құрғақ болатындықтан, оған құйрық май қосу арқылы жасаған дұрыс дейді. Халық сұранысына ие шұжықтардың тағы бір түрі – ірімшік қосылған шұжық. Қой етінен жасалатын шұжықтар да ауыл тұрғындарының, әсіресе, ер адамдардың сүйікті асына айналған. Сонымен қатар, қазақ қазы десе, ішкен асын жерге қоятыны белгілі, ал арнайы аппаратта кептіріліп ысталған қазының дәмін елестетіңізші. Қарлығаш пен Мақсаттың ең көп сұралатын тауары да осы – ысталған қазы.

    «Жақсыны көрмекке» демекші, Тегістік ауылында ұйымдастырылған ауданымыздың шағын кәсіпкерлік көрмесінде Қарлығаш ханым мен Мақсат мырзаның «Бай-қазы» атауымен өндірілген шұжықтары ұсынылды. Көрмеге арнайы Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев келіп, өзінің оң бағасын беріп, қолдауын көрсеткен еді. Көрме барысында «Бай-қазы» шұжықтарының 70%-ға жуығы сатылып кеткен. Қарлығаш ханымның қуанышында шек жоқ.

    Қазіргі адамзаттың толассыз еңбек етіп, жан-жақты дамуы – заман талабы. Бұл тұрғыда ер азаматтармен қатар нәзік жандарға да түрлі бастамалар бастап өзін сынап көруге еш шектеу жоқ. Керісінше, қолдау көп. «Карла келіннің» айтуынша, кәсіптің ілгерілеуіне қаражат пен еңбектен бөлек, жақындардың қолдауы аса қажет. Әсіресе, төрт баланы дүниеге әкелген және «келін» мәртебесі бар әйел адам үшін тіптен маңызды. Осы тұрғыда іскер келін өзінің жұбайы Мақсат пен оның ата-анасына ерекше алғысын білдіреді. Қарлығаш ханымның бұл бастамасы өңірдің өзге де қыз-келіншектеріне үлгі болса дейміз. Бұл нәзік жандардың өзіндік дамуымен қатар жеке қаражат шекарасының болуын да қамтамасыз етеді. Қазақта «Қамданған қарап қалмайды» деген сөз бар, демек жасалған әрекеттің міндетті түрде нәтижесі болары хақ. Адал шұжықты таза еңбекпен ұштастырған келінге, ісіңіз өрге бассын демекпіз.

    Ақерке Бижан,
    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Сан емес, сапа маңызды

    Сан емес, сапа маңызды

    6 months ago
    Жол сапасын сараптауға қатысты семинар өтті

    Жол сапасын сараптауға қатысты семинар өтті

    3 months ago
    Ертең мені атады…

    Ертең мені атады…

    2 years ago
    Емханаға тіркелу науқаны басталды

    Емханаға тіркелу науқаны басталды

    2 years ago
    ҚҚС: Уақыт сынын еңсеретін қадам

    ҚҚС мөлшерлемесінің артуы бағаның өсуіне әсер ете ме?

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.