-13 °c
Qonaev
Sunday, September 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Мамандық таңдау маңызды

    05.03.2024
    in Әлеумет, Партия
    Мамандық таңдау маңызды
    0
    SHARES
    141
    VIEWS

    «AMANAT» партиясының қолдауымен Талғар ауданындағы Бесағаш ауылының Мәдениет үйінде «QTALKS» жастар форумы өтті. Шараның мақсаты – мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың болашақ мамандығын таңдауына және қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал ету.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы, Талғар аудандық мәслихатының депутаты, «QTOP» білім беру орталығының негізін қалаушы Жандос Байжұма ұйымдастырған форумға Алматы қаласындағы бірнеше жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері қатысты.

    Форумда мамандық таңдауға көмектесу, білімді жетілдіру жолдары, волонтерлік қызмет арқылы өмірлік дағдыларды дамыту, жастардың IT және бизнес саласындағы келешегі сынды өзекті тақырыптар талқыланды. Олардың барлығы жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы мен шығармашылық ойлауын ынталандыруға бағытталды.

    Шара Мәдениет үйінің фойесінде ұйымдастырылған жоғары оқу орындары мен колледждердің көрмесімен ашылды. Мұнда мектеп оқушылары гранттар, білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары мен ЖОО-ның инфрақұрылымы туралы ақпарат алды. Форумның екінші жартысында спикерлер TED презентацияларын жасады.

    Байжұма өз басынан өткізген оқиғалар негізінде «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» тақырыбында әсерлі әңгімеледі. Ол білімді, білікті, мәдениетті, қоғамға пайдалы болу үшін жастарға әрқашан іздену, белсенді өмір сүру, дұрыс шешім қабылдау үшін кез келген нәрсеге сыни көзқараста болу қажеттігін жан-жақты түсіндірді.

    Алматы облыстық мәслихатының дептутаты Гүлжан Түсібиянова жастарға мамандық таңдаудың өте маңызды екеніне тоқталды.
    – Бала шығармашылыққа, өнерге жақын болуы үшін оған еркіндікті сезінуге мүмкіндік берген жөн. Мамандық таңдау – оның қалауынсыз болмауға тиіс. Адам табиғатынан суретші. Кез-келген жерде, қалай болғанда да, ол өз өміріне сұлулық енгізуге тырысады», – деді ол.
    Шынында бізде ата-аналар көп жағдайда «Сен мына мамандық бойынша білім алып, игеруің керек. Сонда болашақта прокурор, сот, полицей, қаржыгер, экономист болып жақсы өмір сүресің» деп балаларымыздың бойындағы қабілет-қарым мен ынта-ұмтылыстарын ескермей, олар қаламайтын мамандықтарды мәжбүрлеп оқытып келгені жасырын емес. Екінші жағынан, «әйтеуір жоғары білім алсам болды» деген оймен, қаламаса да грантқа түсіп, икем-ұқыбы жоқ мамандық бойынша диплом алып жатқан жастар қаншама! Өз ісін жақсы білмейтін мамандардың көбею себебі де осында.
    «Jastar Ruhy» ЖҚ АОФ төрайымы, Алматы облыстық мәслихатының ең жас депутаты Әсел Заирова волонтерлік қызмет тақырыбына тоқталса, JOO Highschools өкілі, профориентолог Диас Асанов бақытты өмірдің негіздері туралы өз көзқарасымен бөлісті.

    Бұл форумның бір ерекшелігі, шара еркін форматта өтті. Әр спикердің сөзі аяқталған соң оқушылар мен студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Баяндамашылар үздік сұрақтарды атап, олардың авторларына Жандос Байжұманың жеке кітапханасынан сыйлыққа кітаптар табыс етті. Бұл да жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған ынталандыруңдың бір әдісі екені сөзсіз.
    Университеттер мен колледждер үшін «QTALKS» форумы білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерін көрсетуге, сондай-ақ әлеуетті студенттерді тартуға арналған алаң болып саналады. Сондай-ақ, жастармен қарым-қатынас жасау және олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын түсіну тәсілі. Мұның оқу бағдарламаларын заман талабына бейімдеу үшін маңызы зор.

    Аталған форум Талғар өңірі үшін айтулы оқиғаға айналды. Ұйымдастырушылар оны тұрақты түрде өткізуді және Алматы облысы деңгейінде кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұдан келешегіміз саналатын жастар, бүкіл қоғам тек қана ұтпаса, ұтылмайтыны анық.

    Құтмағамбет Қонысбай,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Ақтеректе ақтарылған ақ тілек

    Ақтеректе ақтарылған ақ тілек

    5 months ago
    Қазақстан дзюдо құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 7 медаль еншіледі

    Қазақстан дзюдо құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 7 медаль еншіледі

    2 years ago
    Жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

    Жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

    2 years ago
    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

    7 months ago
    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады

    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>