-13 °c
Qonaev
Wednesday, August 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Кәсіпкерлік

    Өнеркәсібі өркендеген

    12.03.2024
    in Кәсіпкерлік, Экономика
    Өнеркәсібі өркендеген

    Фото: basnews.kz

    0
    SHARES
    43
    VIEWS

    Еліміздегі жеңіл өнеркәсіпке серпін бергісі келетін кәсіпкерлер мемлекеттің бұл салаға қажетті кешенді бағдарламалар жасау керегін айтады. Қазіргі кезде Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпке көбінесе ведомстволық мемлекеттік тапсырыстар арқылы қолдау жасалып отыр, солардың есебінен кәсіпорындар жұмысын жалғастыруда.

    Десек те, түрлі себептерге байланысты бұл кәсіпорындарға технологиялық тұрғыдан дамуға, өнім түрлерін көбейтуге мүмкіндік берілмейді. Мемлекеттік сатып алуға алыпсатарлар көп қатысады. Конкурс нәтижесінде төмен баға қойған алыпсатарлар жеңіске жетіп, салдарынан тапсырыс беруші сапасыз импорттық тауар алады. Нәтижесінде, бюджет қаражаты Қазақстаннан шығарылып, басқа елдердің экономикасын дамытуға демеуші болуда. Мұнай саласынан айырмашылығы сол, жеңіл өнеркәсіп тауарларының құны негізінен тұрақты болып келеді. Өйткені халық тамақ ішудің сыртында, үнемі киінуге мұқтаж. Ал мұнайдан алынатын қуат пен жылуды энергияның өзге түрлерінен де өндіруге болатыны мәлім. Мамандар Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп тауарларының нарығын жылына 900 млрд теңгеге бағалап отыр. Яғни осы саладағы отандық тауарлар, ең құрығанда, өз нарығымызды жаулап алса, онда бір жылдың өзінде жеңіл өнеркәсіптен талай алпауыттар шығатыны даусыз.

    Тоқ етерін айтқанда, отандық жеңіл өнеркәсіптің түйткілі көп. Дамуға кедергі болып отырған кадр жетіспеушілігін, жергілікті шикізат тапшылығын, субсидия мен несие беру механизмдерін жетілдірмей, бұл салада оң нәтиже болады деп күту қиын. Ең бастысы, жеңіл өнеркәсіптің бар шындығы ашылып, ол елдің жоғары мінберінен бүкпесіз айтыла бергені жөн. Бұл сөз нақты істерге негіз болса, саланың бағы ашылады деген үміттеміз.

    Ерзат Асыл

    Ұсынымдар

    Қазақтың келіні

    Қазақтың келіні

    2 years ago
    Жас сарбаздармен толықты

    Жас сарбаздармен толықты

    7 months ago
    Туризм әлеуеті артады

    Туризм әлеуеті артады

    10 months ago
    Алматы облысында колонияға тыйым салынған зат кіргізбек болған азамат ұсталды

    Алматы облысында колонияға тыйым салынған зат кіргізбек болған азамат ұсталды

    9 months ago
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады

    Өз елінде өгейдің күйін кешкен

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>