-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарасазда қара өлең

    12.03.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Қарасазда қара өлең
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Қарасаз ауылындағы Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды мұражайында көрнекті ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбаймен «Поэзия патшалығында» атты кездесу кеші өтті.

    Алматы облыстық музейлер бірлестігі ұйымдастырған әдеби-мәдени шараға Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ақын Бауыржан Жақып, Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Қанат Әбілқайыр, Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы, ақын Кәдірбек Құныпияұлы, республикаға танымал қаламгерлер, алыс-жақыннан арнайы шақырылған меймандар мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Аталған шара қонақтардың Мұқағали ескерткішіне гүл қоюымен басталды. Көпшілікті музейдің кіреберісінен ақын поэзиясын асқақтата оқып қарсы алған А.А. Барманбекұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары мен музей қызметкерлері киелі шаңырақтың әр бөліміндегі жәдігерлермен таныстырды. Бұдан кейін Ғалым Жайлыбай музей ішінен орын алған өзінің өмірі мен шығармашылығына қатысты фотосуреттердің тарихын қысқаша баяндады. «Арқаның азаматы болсам да Шарғын, Көдек, Мұқағали туған аспантау өлкесі маған да етене ыстық», – деп Қарасазға келген сайынғы әсерімен бөлісті.
    Ғалым Жайлыбайдың қасиетті Қарасазға бұл келісі бірінші рет емес. Осыған дейін де ақиық ақынға арналып өткізілген түрлі деңгейдегі шараға қатысқан. Хантәңірі етегіндегі жұртшылықпен талай мәрте қауышып, етене араласқан. Мұқағали поэзиясы жайлы сыр бөлісіп, пікір алмасқан. Сый-құрметін көріп, дәмдес болған. Бұл өлкені туған жерімдей көремін деуі сондықтан.

    Он шақты жыр кітабының авторына «Ай таңбалы арғымақ» атты өлеңдер мен дастандар жинағы үшін 2022 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілген. 13 бөлімнен тұратын «Қара орамал» атты дастаны әлемнің 20-дан астам тіліне аударылған. Саяси қуғын-сүргін құрығына ілініп, Қарағандының лагерінде тұтқында болған 1,5 миллион халықтың тағдырын толғаған шығарманың тұсаукесеріне арналған пресс-конференцияға 23 елдің Елшісі қатысып, жоғары баға беріпті.
    – Мұқағали ағам сияқты менің де туған күнім – 9 ақпан. Содан ба екен, өзімді осы жерде туғандай сезінемін. Ақын ағамды пір тұтамын. Әрбір өлеңі қазақтың жерін жаяу аралап шыққандай әсер береді, – деген Ғалым Жайлыбай облыстық музейлер бірлестігінің қызметкері Айбек Ережеп жүргізген поэзия кешін өзінің жаңа жырларымен бастады. «Сібір радиоқабылдағышы», «Сүт беріңдер» деген өлеңдерін жырсүйер қауым сүйсіне тыңдап, әсерге бөленді. Ақын кездесу барысында соңғы бір-екі жылдың көлемінде жарық көрген кітаптарын киелі шаңыраққа естелік ретінде музей директоры Ерлік Ахметовке тапсырды.

    Кешке келген қонақтар да өлең-жырдың тиегін ағытып, тілек-ниеттерін арнады. Бауыржан Жақып Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновтың ыстық лебізге толы құттықтау хатын тапсырды. Кәдірбек Құныпияұлы, Алмас Ахметбекұлы Ғалым ақынға арнаған өлеңдерін тебірене оқыды. Қанат Әбілқайыр жүрекжарды тілегін жеткізді. Поэзия кешінің Мәдениет үйінде емес, ақын музейінде өткізілуінің мән-маңызына тоқталды.

    Кешті ұйымдастырушылар Ғалым Жайлыбайға шапан жауып, құрмет көрсетті. Музейлер бірлестігі директорлар кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Ержан Тоқтар музей тағайындаған «Мұқағали музейінде кеші өткен ақын» медалімен марапаттады. Ербақ Құрметжанұлы, Абзал Нұрақын, Дарқан Қырықбаевтар орындаған «Сұлубайдың әні», «Есіл ағады», «Көк тудың желбірегені» сияқты тереңнен тербейтін әндер де тыңдарман жүрегіне жол тауып, көңілдерін көркейтті.

    Жұмабек Тәліпұлы,
    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

    2 years ago
    Рақмет саған, Салтанат!

    Рақмет саған, Салтанат!

    2 months ago
    Дауыс беру ақсақал батасымен басталды

    Дауыс беру ақсақал батасымен басталды

    2 years ago
    Алматы облысында мал ұрлығына күдіктілер ұсталды

    Алматы облысында мал ұрлығына күдіктілер ұсталды

    2 years ago
    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>