-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті

    21.03.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Руханият, Тарих
    Қонаевта 3000 адам қатысқан Наурыз-керуен жүріп өтті
    0
    SHARES
    30
    VIEWS

    Наурыз мерекесі қарсаңында Қонаев қаласында Наурыз-керуен жүріп өтті. Керуен тізбегінде түйелер, ат арба, күймелер мен автокөліктер болды. Зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, әжелер, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, театр әртістері мен жастар, енген керуеншілер әуелі алаңға жиналды.

    Мерекелік көш-керуенінің шартты атауы – «Ынтымақ». Мақсаты – облыс халқының тұтастығын мен ауызбіршілігін көрсету.

    Бүкіл аудандарды қамтитын көшке 3000 адам қатысты.

    Бір аудан – бір көш. Әр ауданның тарихи, мәдени, географиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, әрқайсысына белгілі бір тақырып берілді.

    Көш-керуен жол бойы бір-біріне қосылып, толығып отырды және қазақтың көш дәстүрі қатаң сақталды.

    Орталыққа келіп жеткен көш-керуенді өңір жұртшылығымен бірге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және облыстың зиялы қауым өкілдері мен құрметті ақсақалдары күтіп алды.

    Жиналған көпшілік жыл басының басты дәмі – Наурыз көжеден дәм татты. Күбіден түскен май мен табада піскен ыстық нан, бауырсақтан ауыз тиді.

    Көшке көрісу сияқты дәстүрлер қамтылып мерекенің мәні одан әрі ашыла түсті. Әр көшке 1 минутқа дейін уақыт беріліп, өздеріне берілген тақырыптар бойынша өнерін көрсетіп, игі шараның маңызын арттыра түсті.

    Мерекелік іс-шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.

    «Құрметті жерлестер! Биыл Наурыз мейрамы Қасиетті Ораза айына тұспа-тұс келіп отыр. Барша мұсылман қауымына тұтқан Оразаның қабыл болуын тілеймін. Әз-Наурыз ынтымағымызды нығайтып, асқар асуларды бағындыруға жетелей берсін. Әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, мол бақыт әкелсін. Егеменді еліміздің іргесі берік, мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын. Ұлыс оң болсын, мейрам құтты болсын!», – деді әкім.

    Осылайша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарын Ұлыстың ұлы күнінде «Аймаққа еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттап, өзінің құттықтау сөзін жақсы бір салтанатты рәсіммен аяқтады.

    Облыс басшысының құттықтауынан кейін «Жаңа күн» атты пролог басталды.

    150-200 адам қатысатын пролог Күнді қарсы алу, көктемнің келуі, табиғаттың оянуы, Қыдыр атаның бата беруі сияқты дәстүрлерді қамтыды.

    Театрландырылған пролог-қойылымға белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова мен «Раббат» этнотобы, сондай-ақ 70-ке жуық биші би билеп, сахнада ерекше халықтық мерекенің атмосферасы пайда болды.

    Ары қарай концерттік бағдарламада халық сүйіп тыңдайтын «Дос Мұқасан», Әбдіжаппар Әлқожа, Шәба Әденқұл, Мирас пен Құралай сияқты белгілі әншілер ән айтты.

    Ал кешкі мерекелік концертте Еркеш Хасен, Нұрсұлтан Нұрбердиев сияқты жастардың сүйікті әншілері өнер көрсетіп кеш көрігін қыздырады.

    ҚазАқпарат

    Қонаев қаласында өткен Наурыз-керуен

    1 of 4
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    Ұсынымдар

    Зейнеткерлер зерікпейді

    Зейнеткерлер зерікпейді

    5 months ago
    БІР ҒАСЫРЛЫҚ БІЛІМ БҰЛАҒЫ

    БІР ҒАСЫРЛЫҚ БІЛІМ БҰЛАҒЫ

    2 years ago
    Президенттің Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі

    Президенттің Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі

    2 years ago
    Алаңдатқан мәселе шешімін табады

    Алаңдатқан мәселе шешімін табады

    2 months ago
    Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді

    Солтүстік Арал қалпына келуде: Арал теңізін жандандыру үшін 1 миллиард текше метр су жіберіліп, жасыл белдеулер бой көтерді

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.