-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңарған филармония

    16.03.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Жаңарған филармония
    0
    SHARES
    30
    VIEWS

    Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы өткен жылы ғана жартығасырлық мерейтойын тойлады. Алайда облыстың екіге бөлінуіне байланысты үлкен өнер ұжымының негізгі құрамы Талдықорғанда қалып, филармонияны Алматы өңірінен жиналған жас мамандармен толықтыруға тура келген.

    1973 жылы Мәдениет министрлігінің бұйрығы негізінде құрылған бұл филармонияға 1990 жылы 28 қарашада халық ақыны Сүйінбай Аронұлының есімі беріледі. Алғашында оның құрамында «Алматы әуендері» ансамблі, «Майра» квартеті, Лұқпановтардың отбасылық ансамблі, К.Сыздықованың жетекшілігіндегі лекцияконцерт тобы, Садовскийдің лекция-концерт тобы, Ергежейлілер тобы, Аверкованың жетекшілігіндегі оригиналды жанрдағы «Әсем» ансамблі жұмыс істейді.

    – Филармонияның 1985 жылы тамыз-қыркүйек айларында толықтай жаңарып, ұлттық бағытта дамуына көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеушісі, марқұм Өзбекәлі Жәнібековтің ықпалы өте зор болды. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті, ана тілі, әдет-ғұрып, салтдәстүрінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғаның бастамасымен кезінде фольклорлық-этнографиялық «Адырна», мемлекеттік «Алтынай» халық биі ансамбльдері мен «Арқас» эстрадалық тобы құрылғанын айта кеткеніміз орынды. Ал 1987 жылы қараша айында Ықылас атындағы халық аспаптары музейінен «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблі филармония құрамына берілді.

    2001 жылы екі облыс бірігіп, орталығы Талдықорған қаласына көшірілуіне орай филармония құрамы толықтай жаңартылған еді. 2022 жылы Жетісу облысы құрылып, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласына орналасуына байланысты бұл өнер ұжымының құрамы тағы да жаңарып, жасара түсті. Өйткені, бұрынғы ұжым мүшелерінің басым көпшілігі отбасы, баспана, басқа да жағдайларына байланысты Талдықорғанда қалды, – дейді филармония директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Данияр Құрамысов.
    Оның айтуынша, ұжым қазір Талғар ауданындағы Бесағаш ауылының Мәдениет үйінде уақытша қоныстанып отыр. Ал өз ғимараты салынып, пайдалануға берілген соң Қонаев қаласына көшеді.

    Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы дегенде, оның құрамында аталғандардан бөлек 2003 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі Мұратбек Жүнісбековтің жетекшілігімен құрылған «Қобыз сарыны» фольклорлы-этнографиялық ансамблі (қазір оған ҚР Мәдениет саласының үздігі Бекназар Кәкелеев жетекшілік етеді), 2021 жылы ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, күйші-композитор Секен Тұрысбеков жетекшілік ететін «Ақжауын» камералық оркестрі, ҚР Мәдениет қайраткері, жеке дауыстағы әнші Кенжекей Ақжолова бар екенін айта кеткен жөн. Ал «Алтынай» мем лекеттік халық биі ансамбліне ҚР Мәдениет саласының үздігі Бекзат Ағияр, «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамбліне ҚР Мәдениет қайраткері Марат Бердіғұлов, «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамбліне Абылайхан Сқақов жетекшілік етеді.
    – Биылғы 51-маусым басында сүйіншілей отырып айтатын үлкен бір жаңалығымыз, облыс әкімінің қолдауымен 21 штат беріліп, филармонияның тарихында бұрын-соңды болмаған ішекті-симфониялық оркестр құрып жатырмыз. 7 миллион 133 мың теңге қаржы бөлініп, оған скрипка, альт-скрипка, виолончель, контрабас сияқты симфониялық аспаптар сатып алынуда. Мақсат – қазіргі заман талабына сай классикалық бағытты дамыту. Өйткені, сұраныс өте жоғары. Әрине, бұл оркестрдің репертуарында тек классикалық музыка болады деген сөз емес, оның бағытын жан-жақты етуге тырысамыз.
    Симфониялық, классикалық шығармалармен бірге өзіміздің қазақстандық авторлардың, халық композиторларының туындылары, заманауи музыка да оркестр репертуарына енгізілетін болады. Келешекте оны дамыта келе камералық оркестрге айналдырамыз деген ішкі ойымыз бар. Ол кез келген жеке әншіні сүйемелдей алатын деңгейде болуы тиіс. Жаңа ұжымға республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, кәсіби виолончелист Мақсат Нұрланов жетекшілік ететін болады. Ол оркестрге негізінен жас және кәсіби музыканттарды тартып жатыр. «Жас келсе, іске» дегендей, олар келешекте сенімді ақтап, филармонияның дамуына лайықты үлес қосатынына еш күмән жоқ, – дейді Данияр Құрамысов.

    Су жаңа симфониялық оркестрдің жетекшісі Мақсат Нұрлановтан жас ұжымның құрамы, алдағы жоспарлары жайында сұрадық.
    – Ең бастысы, оркестр мүшелерінің басым көпшілігі – Ахмет Жұбанов, Күләш Байсейітова атындағы өнер мектептері мен Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны бітірген кәсіби мамандар. Олардың арасында Еуропаның бірнеше оркестрінде өз өнерін көрсеткен Шолпан Манкеева сияқты кәсіби скрипкашы, бірқатар байқауларда лауреат атанған өнерпаздар бар. Бір-екі студент болғанымен, олар да ертең толық құқылы әріптесіміз атанатыны сөзсіз. Бұйырса, сәуір айының аяғына қарай Қонаев қаласында тұсаукесер концерт өткіземіз деген ойымыз бар. Ал келешекте бүкіл Қазақстанды аралап, халықты классикалық, симфониялық және халықтық музыка бұлағынан сусындата алсақ, арманымыз жоқ, – дейді, «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, виолончельде шебер ойнаумен бірге дирижерлікті те меңгеріп, өзі музыка жазатын композиторлық қабілеті бар Мақсат.

    Жыр алыбы атанған Жамбыл атамыздың өзі пір тұтқан ұлттық айтыс өнерінің ақтаңгері Сүйінбай Аронұлы атындағы Алматы облыстық филармониясы осылай елмен бірге жаңарып, ұлт еңсесін көтеріп, рухын күшейтіп келе жатқан тарихы терең өнер ұжымы саналады. Киелі орданың жаңа оркестрі Жаңа Қазақстанда халқымызды қуанышқа кенелтіп, жеңіс пен жеміске толы көңілді де шат әуендерді шарықтата ойнай берсін деп тілейміз.

    Құтмағамбет Қонысбай

    Ұсынымдар

    Заңсыз берілген 3500 гектар жайылымдық жер қайтарылды

    Заңсыз берілген 3500 гектар жайылымдық жер қайтарылды

    2 years ago
    Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

    Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

    7 months ago
    Темірге тіл, жаңқаға жан бітірген

    Темірге тіл, жаңқаға жан бітірген

    10 months ago
    «SAQTAN» Жастарды сақтайық – болашақты қорғайық!

    «SAQTAN» Жастарды сақтайық – болашақты қорғайық!

    4 days ago
    Ауылды сағынғанда…

    Ауылды сағынғанда…

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>