Қазақстандықтарға алғашқы жеке куәлік 16 жасқа толғанда беріледі. Ол республика аумағында жарамды. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтардың жеке куәлігі болуға міндетті.
Жеке куәлік алу үшін жасөспірім мен ата-анасының біреуі тұрғылықты жері немесе уақытша тұратын жері бойынша ХҚКО-на жүгіну қажет. Өзімен бірге жасөспірімнің туу туралы куәлігі, паспорты (болған жағдайда) және ата-анасының біреуінің жеке куәлігі болуы шарт. Сонымен қатар, 0,2 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет.
Сондай-ақ, егер бала шетелде туған болса, ал ата-аналардың азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, шетелдік ата-анадан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуына нотариалды куәландырылған келісімі болуын қажет.
Айта кетейік, құжаттарды рәсімдеуге баланың өзі баруы міндетті. Құжат 10 жылға жарамды. Мерзімі өтетін куәлікті ауыстыруды бір күннен бір айға дейін кешіктірген азаматтар ескерту алады, ал егер мерзім бір айдан асса – 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Кейбір азаматтар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған. Олардың ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, балалар үйлері мен интернаттарда тұратын балалар, көп балалы аналар және басқалар бар.
Айдосқызы Мөлдір,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
Алматы облысы бойынша бойынша PR-менеджері