Биылғы жылы көктем басталғалы бері елімізде қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл, әрине, табиғи апат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу қабылдады. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмағанын атап өтіп,бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды, яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында. Атқарушы органдар жіберген олқылықтарды түзеу үшін мен шұғыл түрде нақты тапсырмаларды бердім-деп атап өтті Мемлекет басшысы.. Қазір барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салуда. Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылды. Премьер-Министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда.-деді. Қазақта “жЖлғыз ағаш орман емес, жалғыз адам қорған емес” деп бекер айтпаған . Қандай да бір іс болмасын көпшілікпен тез бітері анық. Сондықтан да, бірлік болу керек, бірлік бар жерде, тірлік бар. Бірлесе көтерген жүк жеңіл.
Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Халқымызға алла сабыр берсін.Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!
М.Жабиева,
Іле аудандық аналар кеңесі төрағасы