Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевтің ұйымдастыруымен “Алатау тазалық үшін” экологиялық акциясы басталды. Эконауқан бір айға созылады.
Айлық науқан тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін және экологиялық мәдениетін қалыптастыру, экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыруға жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Акция барысында көшелерді тазалау, ағаш егу, су қоймалары мен тарихи ескерткіштерді тазарту сияқты түрлі шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Эконауқан барысында қала, аудан мен облыс бойынша үздік ұжым, ең таза ауылдық округ, Қонаев қаласындағы ең таза аула және облыстағы ең таза аудан таңдалады.
“Барлық азаматты өз аулалары мен көшелерінен бастап қалаларын жақсартуға қосылуға шақырамыз. Алматы облысын бірге тазартып, жасыл аймаққа айналдырайық!”, – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.