Бүгін – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған «Таза өлке» апталығының үшінші күні. Бұл күні Қонаев қаласындағы білім беру ұйымдарының, «Атамекен» ҰКП-ның қызметкерлері, этно-мәдени орталықтардың мүшелері – жалпы саны 60-тан астам адам Сидранский мен Достық көшесін жалғайтын аллеяны қоқыстан тазартты.
Науқанға ардагер ұстаз Бақыт Нұрмағанбетова да қатысып, тазалыққа үндейтін бастамаға қолдау білдірді.
«Қонаев қаласының тұрғыны әрі ардагер ұстаз ретінде оқушыларды, жалпы жұртшылықты үнемі қала тазалығын сақтауға, қоқысты көшедегі арнайы жәшіктерге тастауға шақырамын. Мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып, халық арасында кеңінен насихатталуы тиіс. Бүгін мен де өз үлесімді қосу үшін арнайы келдім», – деді ұстаз.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» науқаны 5 аптаға жалғасады.