Алматы облысы әкімінің өкімімен Ерік Әзілжанұлы Абитов 2024 жыллың 18 сәуірінен Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ерік Әзілжанұлы 1979 жылы туылған, білімі жоғары, 2001 жылы Орталық Азия университетін құқықтану мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын Жетісу заң колледжінің мұғалімі болып бастаған.
Әр жылдары Алматы облысының «Бірлік» жастар қауымдастығының атқарушы директоры, Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері, «Есікгеосәулет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының заңгері, директоры, Алматы облысы мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіліктер мен этика жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымдарында жұмыс істеді.