Бүгін “Киелі мекен” акциясы аясында Қонаев қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №2 мектеп-гимназияның оқушылары ауладағы ескерткіш маңын тазалады. Шараға 9-сыныптың 15 оқушысы және мұғалімдер қатысты.
Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, мектеп ауласына сенбілік үнемі жасалады.
“Айналамыздың әсем болғаны өзімізге жақсы. Сондықтан балаларды тазалыққа үйретіп, тәрбие беруге тырысамыз. Бүгін де акцияның өз деңгейінде өту үшін үлесімізді қостық. Балалар да қуана келісе кетті”, – деді мектеп директоры Айгүл Нұрмағанбетова.
Айта кетейік, “Таза Қазақстан” акциясы 5 аптаға жалғасады.