Алматы облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының 1609 шақырымын жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарын Алматы облысындағы «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ АОФ бөлімінде жұмыс істейтін “ҚАЖсервис” ЖШС АОФ мердігер компаниясы жүзеге асырады. Қайта қалпына келтіру жұмыстарынан бөлек, жол қозғалысының қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында жолдарда күнделікті патрульдеу жүргізіледі. Сондай-ақ, патрульдеу кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін жағдайлардың алдын алу үшін жолдардың жай-күйі тұрақты мониторингтік бақыланады. Одан бөлек көлік жолдарын күтіп ұстауға, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылады. Жұмыстардың легі келесідей бағыттар бойынша жүзеге асады:
– Жолды жақсарту және ықтимал апаттардың алдын алу үшін жолды қоқыстан, шаң мен кірден тазалау;
– Жол бойында көліктерге кедергі болуы мүмкін бөгде заттарды алып тастау;
– Көлік қозғалысын жеңілдету әрі жол қауіпсіздігін айтарлықтай жақсарту мақсатында жол белгілерін жақсарту;
– Көктемде қар еру салдарынан болатын су тасқынын болдырмау үшін дренаждық арықтарды тазалау;
– Жазда жаңбыр суы жиналмауы үшін арықтарды аллювийлік қоқыс пен кірден тазарту;
– Көліктердің жол жиегіне шығып кетуі сынды апаттардың алдын алу үшін жол жиектерін жақсарту және нығайту:
– Жолды күтіп ұстау мақсатында жол төсемдерін жөндеу. Бұған шұңқырлар мен ойықтарды толтыру, жарықшақтарды жою сынды жұмыстар жатады.
– Жол белгілерін орнату және ауыстыру;
– Қоршауларды салу және жөндеу.
Айта кетейік, Алматы облысына қарасты респбуликалық маңызы бар жолдың жалпы ұзындығы 1809 шақырым.