“Таза Қазақстан” экологиялық акциясының “Жасыл аймақ” атты үшінші апталығына Ұйғыр ауданының жұртшылығы білек сыбана еңбек етуде. Аудан орталығындағы саябақтардың біріне жас көшеттер отырғызылып, айналаны жасыл желекке айналдыру бастамасының тағы бір нық қадамы жасалды. Шонжы ауылдық округіне кіреберістегі саябаққа 100-ден аса ағаш отырғызылып, акцияның жүзеге асырылуына ауқымды үлес қосылды. Аталмыш игі шараға 40 адам мен 2 техника жұмылдырылды.