-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Боздақтарды еске алды

    24.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Боздақтарды еске алды
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Талғар қаласында Ауған соғысының ардагері, Талғар ауданының Құрметті азаматы, аудандық мәслихат депутаты болған Ерғалым Ждановты және сол соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алуға арналған бокстан 2011 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.

    Болашақ былғары қолғап шеберлерінің жарысына Алматы қаласы, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу, Алматы облысы және оның барлық аудандарынан бір-бір командадан, сондай-ақ спорт мектептерінің атынан «Жігер» және «Жекпе-жек» жеке команда болып қатысты. Жас спортшылар 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

    Асқар Алатаудың баурайында, табиғаты тамаша жерде орналасқан №2 Балалар мен жасөспірімдер мектебінде үш күн жалғасқан турнирдің қорытындысында Талғар ауданының спортшылары 4 алтын, 3 күміс медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын алды. Екінші орынды 4 алтын медальға қол жеткізген Еңбекшіқазақ ауданының спортшылары иеленсе, үшінші орынға 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальді қоржындарына салған «Жекпе-жек» командасының намысын қорғаған кіші жасөспірімдер жайғасты.

    Төрешілердің шешімен Ильхам Иманжанов «Үздік боксшы» атанса, Алихан Бекбосын – «Жігерлілігі үшін», Құралбай Димаш – «Үздік техникасы үшін», Тұрсынбек Бағдәулет – «Көрермен көзайымы», ал Бекарыс Сержантұлы – «Олимп үміті» аталымдарына лайық деп танылды.
    Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті медальдар мен қоса диплом және кубоктармен марапатталды. Оларды Талғар қаласындағы Ауған соғысы ардагерлерінің «Жауынгер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері табыстады.
    – Ауған соғысына қатысып, интернационалдық міндеттерін өтеу кезінде мерт болған боздақтарды еске алу және жас ұрпақтың бойында оларға деген құрмет пен отаншылдық сезімдерін нығайту, жарысқа қатысу тәжірибесін қалыптастыру мақсатында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық спортты дамыту орталығы мен бокс федерациясы ұйымдастырған бұл турнирге Талғар қаласындағы Ауған соғысы ардагерлерінің «Жауынгер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері белсенді қатысып, үлкен қолдау көрсеткенін атап өткен жөн. Жарыс өте тартысты және мейлінше әділ өтті, – деді Алматы облысының кіші жасөспірімдер арасындағы құрама командасының аға бапкері, «Қазақ бокс әліппесі» кітабының авторы Әли Қамбаров.

    Құтмағамбет Қонысбай,
    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алуды жөн көреді

    Қазақстандықтар ХҚКО-ға кезектің электрондық талондарын алуды жөн көреді

    1 year ago
    Қонаевтағы аутист балаларға арналған жалғыз орталықты әйел адам ашқан

    Қонаевтағы аутист балаларға арналған жалғыз орталықты әйел адам ашқан

    5 months ago
    Үкімет қаулысына толықтыру енгізу жобасы жарияланды

    Үкімет қаулысына толықтыру енгізу жобасы жарияланды

    2 years ago
    Алматы облысында республикалық бәйге өтті

    Алматы облысында республикалық бәйге өтті

    2 years ago
    Суды үнемдеуден ұтарымыз көп

    Суды үнемдеуден ұтарымыз көп

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>