Еліміздің батыс өңірлерін су тасқыны басып, көңілді күпті еткен жағдайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы халыққа үлкен сеніммен жігер берді деп ойлаймын. Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізді. Су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету туралы Үкімет барлық қажетті іс-әрекеттерді жасап жатқандығын, оған тиісті қаражат бөлінгендігін, ірі компаниялар мен бизнес өкілдері қол ұшын беріп жатқандығын тілге тиек етті. Бұл сессияда көптеген түйіні шешілмеген түйіткілді мәселер туралы сөз қозғалды. Онлайн-форматта өтіп жатқан жиында, Ассамблея мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне және реформаларды ілгерілету ісіне белсене қатысуы керек. «Тіл-ұлттың жаны» деген қазақта мақал бар. Тіл қашанда күн тәртібінен түскен емес, өз еліміздіе жүріп, өгейдің күнін кешіп жүрген тіліміз бүгінгі сессияда Президент назарынан тыс қалмады. Қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынын айтты.
Қазіргі қоғамда алауыздық тудыратын әр түрлі жағдайлар күнделікті өмірде кездесіп жатыр. Осы орайда, кез-келген әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бағынған ел құл болмайды»- деді емес пе? Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды екендігін ескертті.
Президент атап өткендей, елімізде Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесі сияқты тиімді құрылымдарды дамыта түскен абзал. Министрліктер және жергілікті әкімдіктер олардың қызметіне қолдау көрсетуі ләзім.
Бақытгүл Көнеева,
Кеген аудандық Аналар кеңесінің төрайымы