Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында өзекті мәселелер көтеріліп, маңызды міндеттер тарқатылды.Мен соның ішіндегі болашақ ұрпақтың тарихи өкпе-реніштерден, дагматизмнен ада болуы жайына тоқталғым келеді. Ел Президенті қазіргі таңда балаларды, өскелең ұрпақты біртұтас мемлекет ретінде тәрбиелеу өте маңызды екенін жеткізді. Мен өзім оған толықтай қосыламын, себебі мектепте жұмыс істегендіктен, балаларға, жастарға білім беретіндіктен бұл мәселе өте өзекті деп ойлаймын. Этносаралық қатынастар дамып, жастардың тарихи өкпе-реніштері болмауы тиіс. Өкініштісі өздерін блогер деп атайтын адамдар өскелең ұрпаққа түрлі теріс ақпарат таратып жатыр. Яғни жастардың арасында көптеген кері пікірлер қалыптасып, түрлі сөздер айтылып жүргенін де білеміз. Міне, сондықтан қазірден бастап осындай олқылықтың алдын алып, түзу тәрби тетігін табып, балалардың бірлікте болуын қолға алуымыз керек. Және де осы мәселенің оң шешімін табуы үшін ерінбей еңбек етуге тиіспіз. Дегенмен біраз жұмыстар жолға қойылып, үлкен істер де атқарылуда. Ассамблея мүшелерінің, оның ішінде жастар ассамблеясының жұмысы көңіл қуантады. Мәселен жастар Ассамблеясының төрағасы Тимур Жұмырбаев айтып өткен Мақтарал ауданында сел болған кезде ауқымды істі көзіммен көргенмін. Шыныменде үйлерді өте қатты су басып, көптеген адамдар далада қалды. Міне сонда Ассамблея жастары елге жанашырлық танытып, көмектесіп жүгірдік. Қазіргі таңда да мен ол жаққа барып тұрамын. Үкімет өте жақсы көмектесті, жаңа үйлер салынып, жұртшылықтың еңсесі көтерілді. Кейінгі табиғи апаттарда да біздің еріктілер жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін ұқтырды. Расымен де жастардың тәрбиесіне назар аударып, жастар арасындағы ынтамақты арттырып, бірлікті бекемдей түссек біз алмайтын қамал болмасы анық!
Айсұлу Жұмабиқызы,
Жастар Ассамблеясының мүшесі